27 қаңтар 2021 11:03

БЖЗҚ экс-басшысының іздеуде жүрген адвокатына қатысты үкім өзгеріссіз қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов Фото Tengrinews.kz/Турар Казангапов

Сот БЖЗҚ экс-басшысының қашып кеткен адвокатының іс бойынша апелляцияны қарады. Руслан Ерденаевтың адвокаты Александр Блокқа алаяқтық жасап, пара беруге итермелегені үшін 11 жылға бас бостандығынан айыру жазасы кесілген. Сонымен қатар, әріптесі Гүлнар Смағұл да сот алдында жауап берген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі БЖЗҚ экс-басшысының адвокаттары ісі бойынша үкім өзгеріссіз қалғанын хабарлады.

"Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен А.В.Блок пен Г. С.Смағұлға қатысты Алматы қалалық сотының үкімі өзгеріссіз қалды. Апелляциялық шағым қанағаттандырылмады", - деп хабарлады қалалық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, БЖЗҚ-ның бұрынғы басшысы Руслан Ерденаевтың адвокаты Александр Блок алаяқтық жасады және лауазымды тұлғаға пара беруге итермеледі деп айыпталған болатын. Онымен бірге әріптесі Гүлнар Смағұл да айыпталған. 2020 жылдың 26 қазанында судья оларды 11 жылға бас бостандығынан айырды.

Александр Блок сот шақыруына келмей, үкімді видеобайланыс арқылы тыңдады. Сотталушыны тергеу изоляторына жеткізу үшін оған полиция жіберілді, бірақ адвокат үйінде болмаған, ал әйелі күйеуінің қайда екенін білмейтінін айтқан. Енді Александр Блокқа іздеу жарияланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети