06 қаңтар 2021 09:36

БҚО-да 11 жастағы қызды бірнеше рет зорлады деген күдікті ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото © elements.envato.com Фото © elements.envato.com

БҚО Теректі ауданындағы қыстаулардың бірінде жасөспірім қыз бірнеше рет зорланған. Қылмыс 2016 жылдың жазында болған, алайда ол туралы қазір белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, былтыр қыркүйекте күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 121-бабына сәйкес "Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалды зорлау әрекетін жасау" дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған.

"Тергеу барысында жаңа жағдайлар анықталды. 33 жастағы ер адам 2016 жылдың жазында Теректі ауданында қыстаудағы үйінде кәмелет жасына толмаған қызды бірнеше рет зорлаған. Ол кезде қыз 11 жаста болған, қазір 15-те", - деді полициядағылар.

"Қазір ер адам тергеу изоляторында. ҚР ҚК-нің 121-бабы "Кәмелет жасына толмағандарға қатысты сексуалды зорлау әрекетін жасау" және 124-бабы "Кәмелет жасына толмағандарды бірнеше рет зорлау" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп қосты полиция өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети