Батыс Қазақстан облысы Теректі сотында бес адамның өліміне кінәлі деп танылған Қанат Жұмабековке қатысты үкім шығарылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жұмабеков Қанат Аманғалиұлы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Судья Марат Мәліков оны 5 жылға бас бостандығынан айырды және 7 жыл көлік жүргізу құқығынан айырып, жазасын қоныс колониясында өтеу туралы үкім шығарды", - деді Батыс Қазақстан облысы сотының баспасөз хатшысы Гүлмира Кенжеғалиева.
Еске салайық, 17 қаңтарда Орал-Ақсай тасжолында жантүршігерлік жол апаты болған еді. Lada мен VWSharan автокөліктерінің соқтығысуы нәтижесінде жүргізуші мен екі жолаушы қаза тауып, екі адам сол күні түнде ауруханада кайтыс болған.