18 қаңтар 2016 09:41

Батыс Қазақстанда болған жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі қолданушылардың суреттері © "ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі қолданушылардың суреттері

Батыс Қазақстан облысында "Лада Приора" мен Volkswagen Sharan көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орал қаласының жедел-құтқару қызметінің басшысының орынбасары Рашид Нұрғалиевке сілтеме жасап.


Батыс Қазақстан облысында "Лада Приора" мен Volkswagen Sharan көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасынан 3 адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Орал қаласының жедел-құтқару қызметінің басшысының орынбасары Рашид Нұрғалиевке сілтеме жасап.

Жол-көлік оқиғасы 17 қаңтарда шамамен кешкі сағат бесте Орал - Ақсай автожолында Теректі ауданына қарасты Колузаново ауылының маңында болған. 

"Біздің қызметкерлер оқиға орнына келгенде "Лада" жол жиегінде жатты. Sharan жолда тұрды. Оның жүргізушісі тізгін мен қаңқаның ортасына қысылып қалған. Біздің құтқарушыларымыз металлды майыстырып, ер адамды алып шықты. Ол тірі болды, оны дәрігерлер алып кетті. "Лада" көлігінен орта жастағы ер адам шығарылды. Ол оқиға орнында жап тапсырған. Біз келгенше оқиға орнында куәгерлер "Приорадан" екі адамның - әйел мен ердің мәйітін алып шыққан екен. Сонымен қатар, куәгерлердің айтуынша, көліктердің бірінде сәби болған. Ол не жедел жәрдем көлігімен, не куәгерлердің көлігімен ауруханаға әкетілген. Ол тірі болған", - деп хабарлады Нұрғалиев.


"ВКонтакте" әлеуметтік желісіндегі қолданушылардың суреттері

ИНФОРМБИРЖА басылымының мәліметінше, қаза болғандардың аты-жөндері анықталды - "Лада" жүргізушісі

Қайыров Нұрлан Мақсұтұлы, 1979 жылғы, сонымен қатар, "Ладаның" жолаушысы Мусина Шолпан Сәрсенбаева (1989 жылғы) және Қайырқұлов Алтынбек Әмірұлы (1994 жылғы).

"Volkswagen Sharan автомобилінің тізгінінде Жұмабеков Қанат Аманғалиұлы болған, 1975 жылғы, ол ауруханаға түсті, жолаушылары тірі, олардың екеуі жеңіл жарақатпен ауруханаға түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиғаға Volkswagen Sharan жүргізушісі кінәлі, мұзтайғақтан автомобиль қарсы беттегі жолаққа шығып кеткен", - деп хабарлады ресурс.

Ал "Уральская неделя" газеті оқиға орнында түсірілген видеоны жариялады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети