07 желтоқсан 2016 | 14:39

БҚО-да әкім жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Виктор Яковенко Виктор Яковенко

Батыс Қазақстан облысындағы Шалғай ауылы әкімінің жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Виктор Яковенконың көршісі Леонид Бобарев есімді зейнеткер Tengrinews.kz тілшісіне болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Батыс Қазақстан облысындағы Шалғай ауылы әкімінің жүргізушісінің өліміне қатысты жаңа деректер пайда болды. Виктор Яковенконың көршісі Леонид Бобарев есімді зейнеткер Tengrinews.kz тілшісіне болған оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Мен қылмыс болған жерге келгенде Виктордың денесі шұлықпен орындыққа байлаулы болды. Қолдары да байлаулы болатын. Сондай-ақ, оның үстінде әйелдің киімдері болды: шұлық, көйлек, тіпті әйелдің ішкі киімі де. Ал аузында тағы бір зат болды. Полицей оны аузынан шығарып алмақшы болды, бірақ шығара алмады. Сөйтсек ол да шұлық екен. Полицей оны аузынан шығарып алу үшін біраз тартты. Шұлықты аузына тыққандары сонша - ол Виктордың өңешіне кетіп қалған", - деп есіне алды қаза тапқан жігіттің көршісі Леонид Бобарев.

Леонид Бобаревтың айтуынша, сол кезде бөлмедегі заттар мен Виктордың төсегі шашылып жатқан. Алайда үйден ешқандай да бағалы зат жоғалмаған.

"Айта кетерлігі, оның бетінде екі ғана ісік болды. Соққының басқа іздері болмады. Аузында тұрған шұлықтың көлемі екі пакеттей, - дейді Леонид. - Көршім гомосексуалист болған емес. Үнемі түрлі қыздармен сөйлесіп жүретін. Достары да болды. Көбінесе ол өзінің бауыры Матвеймен араласатын. Олар үнемі бір-біріне қонаққа баратын. Екеуі автокөлік техникаларын бірде жинап, бірде бөлшектеп жүретін. Сондықтан да мұндай жағдайдың қалай болғанын, оның қалайша осындай күйде табылғаны түсініксіз", - деді ол.

Көршісінің айтуынша, Виктордың өз-өзіне қол жұмсауға себебі болған жоқ және оның ешқандай да дұшпандары болмаған.

Сондай-ақ, Виктор Яковенко оқыған Шалғай ауылының директоры қаза тапқан жігіттің қандай болғанын және немен айналысқанын айтып берді. "Олар әкесімен бірге тұратын. Ата-анасы ажырасып кеткен, анасы Ресейге көшіп кеткен. Тағы екі бауыры бар, бірақ олар біздің ауылда тұрмайды", - дейді мектеп директоры Сергей Шевчук.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта полиция қызметкерлі мектеп оқушыларынан жауап алып жатыр. "Олардың не жайлы әңгімелесіп жатқандары белгісіз. Бірақ мен оқушыларымныың осы іске қатысы бар болуы мүмкін екеніне сенбеймін", - деді Сергей Шевчук. 

Ал ауыл әкімі Талғат Қантеміровтің айтуынша, осы іске қатысты қылмыстық іс қозғалды. "Виктор қаза тапқан күннен бері ауылда тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Іске қатысты деректердің барлығын солардан білуге болады. Мен осымен екінші апта ғана ауыл әкімі боп жұмыс істеп жатырмын. Бірақ, өкінішке қарай, жігітпен жақсы таныс емес едім. Виктор жауапкершілігі бар жігіт еді, жұмысқа да кешікпейтін", - деді ауыл әкімі.

Еске сала кетейік, 2 желтоқсанда БҚО-да ауыл әкімінің жүргізушісі өлі табылған болатын. Оның аузында әйелдің шұлығы болған. Айта кетейік, қазіргі уақытта ауылда тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полицейлер ауылдағы барлық жасөспірімнен жауап алып жатыр. Бірақ құқық қорғау органдарының ешқайсысы әзірше бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети