БҚО-да әкімнің жүргізушісі өлі табылды: Оның аузында әйелдің шұлығы болған

07 Желтоқсан 2016, 10:29
0
БҚО-да әкімнің жүргізушісі өлі табылды: Оның аузында әйелдің шұлығы болған - Виктор Яковенко © Әлеуметтік желілерден алынған сурет
Виктор Яковенко © Әлеуметтік желілерден алынған сурет

Батыс Қазақстан облысындағы Шалғай ауылында ауыл әкімінің 22 жастағы жүргізушісі Виктор Яковенко өлі табылды, - деп хабарлайды "Уральская неделя".

Жігіттің денесі 2 желтоқсанда өзінің үйінен табылды. Оның қылғынып өлгені хабарланып отыр. Сол күні ол жұмысқа шықпаған екен. Виктор Яковенконың денесін оның үйіне келген бауыры көрген.

"Мен осымен екінші апта ғана әкім болып қызмет етіп жүрмін. Қаза тапқан жігітпен жақсы таныс емеспін. Жігіттің мінезі жақсы еді, ешқандай да зиян әдеттері болған емес. Біздің әкімдікте шамамен екі жылдай жұмыс істеді", - деді ауыл әкімі Талғат Қантеміров.

Виктор Яковенко 5 желтоқсанда өз ауылында жерленді. Кейінірек жігіттің өліміне қатысты кейбір деректер белгілі болды. Куәгерлердің айтуынша, Викторға әйелдің киімдері кигізілген. Көршілер қаза тапқан жігіттің өз үйінде орындыққа байлаулы табылғанын айтты. Оның тіпті іш киімі де әйелдікі болған. "Ал аузында әйелдің шұлығы болған. Оны өлтіргендер шұлықты жас жігіттің аузына тыққаны сонша, оның алып шығу мүмкін болмаған", - деп жазады басылым.

Айта кетейік, қазіргі уақытта ауылда тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полицейлер ауылдағы барлық жасөспірімнен жауап алып жатыр. Бірақ құқық қорғау органдарының ешқайсысы әзірше бұл оқиғаға қатысты түсінік берген жоқ.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай