17 қыркүйек 2021 11:44

БҚО-да қаза тапқан қыз кім екені анықталды: күдікті ұсталды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:instagram.com/mamochki_uralska_vmeste_new Фото:instagram.com/mamochki_uralska_vmeste_new

Батыс Қазақстан облысының полицейлері 15 қыркүйек күні түстен кейін денесі табылған жас әйелдің өліміне қатысты күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Батыс Қазақстан облысының полицейлері 15 қыркүйек күні түстен кейін денесі табылған жас әйелдің өліміне қатысты күдіктінің ұсталғаны туралы хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашу үшін бір тәуліктен аз уақыт қажет болғанын хабарлады.

"16 қыркүйекте адам өлтіруге қатысы бар 27 жастағы күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Істің басқа мәліметтері Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабы бойынша жария етілмейді", - деп хабарлады БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Полиция анықтағандай, өлген қыз 13 қыркүйекте жоғалып кеткен 21 жастағы Анастасия Черная болды. Ол рюкзагы мен құжаттарын алып, өзі тұрып жатқан пәтерден шықты. Марқұмның денесі Ветелки ауылының маңындағы орманда табылды. Елді мекен облыс орталығынан 15 шақырым жерде орналасқан шағын аудандардың бірі болып саналады.

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети