06 ақпан 2020 23:35

БҚО-да Қорғаныс министрлігінің полковнигі қамауға алынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО Қорғаныс департаментінің басшысы Марат Есенов БҚО Қорғаныс департаментінің басшысы Марат Есенов

Оралда Қорғаныс министрлігінің полковнигі, БҚО Қорғаныс департаментінің басшысы Марат Есенов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда Қорғаныс министрлігінің полковнигі, БҚО Қорғаныс департаментінің басшысы Марат Есенов қамауға алынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу соты оған қатысты екі айға қамауға алу түріндегі санкция шығарды. Полковникке қоластындағылардан 200 мың теңге көлемінде пара алды деген айып тағылған.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет параның қызмет бабында көтерілуге және әрі қарай қамқорлық жасауға арналғанын атап өтті. Сотқа дейінгі тергеуге бағынышты адамның арызы себеп болды.

"3 және 4 ақпан күндері БҚО қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы қоластындағы тұлғадан 200 мың теңге пара алды. Ақша бағынышты адамды аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімнен Департаментке бөлімдердің бірінің бастығы лауазымына ауыстырғаны үшін талап етілді. Пара екі траншпен берілді. Kaspi Gold картасына аудару арқылы 100 мың теңге және 100 мың теңге қолма-қол ақшамен берілді", - деді Нұрдәулет Сәмет.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотта қамауда ұстау кездейсоқ таңдалмағаны айтылды.

"Жасалған құқықбұзушылықтың мән-жайын ескере отырып, тергеу судьясы ведомствода басшылық қызмет атқаратын күдікті бостандықта бола отырып, өзіне ведомстволық бағынысты органның қызметкерлері болғаны үшін оларға қысым жасай алады, осылайша әділ тергеуге кедергі жасай алады деп есептейді. Осыған байланысты ол қатаң бұлтартпау шарасы ретінде таңдалған", - деп түсіндірді соттың баспасөз қызметігілер.

Бұған дейін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жоғары лауазымды әскери қызметкерді ұстау сәті түсірілген видеоны жариялаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети