22 ақпан 2021 09:19

БҚО-да полицейлер Lexus көлігін қуған сәттің видеосы тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

21 ақпанда желіде Батыс Қазақстан облысы полицейлерінің Lexus жол талғамайтын көлігін қуған видеосы пайда болды, - деп хабарлайды "Мой Город"


21 ақпанда желіде Батыс Қазақстан облысы полицейлерінің Lexus жол талғамайтын көлігін қуған видеосы пайда болды, - деп хабарлайды "Мой Город"

Видеоны оқиға куәгерлері түсіріп алған. БҚО полиция бөлімінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, Lexus автокөлігі жүргізушісі жол сақшысы талабын елемей, кейін тіпті олардан жасырынуға тырысқан.

"Алайда Орал-Атырау тасжолында Үлкен Шаған кенті маңында көлік жол шетіне шығып кетіп, қар құрсауында қалып қойған. Кейін жол талғамайтын көліктің артында 25 қап балық бары анықталды. Жүргізушінің балық аулауға арнайы құжаты болмаған (сазан, қарақұйрық)", - деп түсіндірді Белгібеков.

Lexus жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы "Көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзу" және 619-бабы "Ішкі істер органдары (полиция) қызметкері талаптарын орындамау" бойынша хаттама толтырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети