12 қыркүйек 2018 | 17:06

БҚО-да шенеунік жол құрылысына бөлінген 7 миллион теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық бюро қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеуге бөлінген қаражатты иемденді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Ұлттық бюро қызметкерлері Батыс Қазақстан облысындағы жолдарды жөндеуге бөлінген қаражатты иемденді деген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 қыркүйекте Ұлттық бюроның облыстық департаменті Теректі аудандық әкімдігінің Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлім жетекшісінің алған парасын әшкереледі. 

"Күдікті өз қызметтік кабинетінде мердігер ұйымнан 100 мың теңге пара алған, бұл ақша үшін ол "Теректі ауданы Федоровка ауылы Айтиев көшесіндегі жолдың жөндеуі" нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу туралы келісімшарттың атқарылған жұмыстар актісіне қол қойып берген және жалпы қорғаншылық көрсеткен", - деп хабарлады Ұлттық бюро баспасөз қызметіндегілер.

Сөйтсек, мердігер ұйым бұған дейін осы жөндеу жұмыстары және Теректі ауданындағы ауыл ішіндегі автомобиль жолдарын қамтамасыз ету бойынша тендер жеңіп алып, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімімен мемлекеттік сатып алу жөнінде келісімшарт жасасқан. 

"Шынтуайтында бұл келісімшарт бойынша жұмыс жүргізілмеген, ал қаражатты мердігер ұйымның басшысы қолма-қол ақшаға айналдырып, 2017 жылдың маусымынан 2018 жылдың ақпанына дейінгі кезеңде мемлекеттік мекеме басшысына бөліп-бөліп өткізіп отырған. Жетекші 7,1 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада. 

7 қыркүйекте бөлім жетекшісі қамауға алынған. Соталды тергеу жүріп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети