Ұлттық бюро мен ҰҚК Алматы облысында ұйымдасқан қылмыстық топты ұстады

12 Қыркүйек, 16:25
0
Видеодан алынған кадр
Видеодан алынған кадр

Алматы облысында Облыстық көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасарының басшылығымен құрылған ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы брифинг барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросының Алматы облысы бойынша департаментінің қызметкерлері әшкерелегені айтылады.

"Ол өзінің қылмыстық әрекетіне қоластындағы төрт адамды қосқан - инспекциядағы жетекші мамандар. Сондай-ақ, бұл топқа көліктік инспекцияның төрт қызметкері кірген. Барлығы 9 адам болған, олардың ішінде Көліктің бақылау инспекциясы басшының орынбасары бар", - деп хабарлады Жанна Бастарова.

Бастарованың айтуша, қылмыстық топ мүшелері көлік компанияларынан олардың Алматы және Алматы облысындағы магистраль жолдарда жүк тасымалдау кезінде жасаған заңбұзушылықтары үшін әкімшілік жаза тағайындамау үшін жүйелі түрде пара алып отырған.

"Қылмыстық топтың ай сайынғы табысы шамамен 6 миллион теңге болды. Күдіктілер ұсталып, изоляторға қамалды", - деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай