БҚО-дағы мектеп түлегінің өлімі: оның бұрынғы жігіті 18 жылға сотталды

05 Сәуір, 11:57
0
БҚО-дағы мектеп түлегінің өлімі: оның бұрынғы жігіті 18 жылға сотталды - Дана Өтеғалиева
Дана Өтеғалиева

Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық соты Дарьинское ауылындағы орта мектептің 17 жастағы түлегі Дана Өтеғалиеваның өлімі бойынша үкім шығарды. Бұған дейін алқабилер сотынан ақталып шыққан 21 жастағы Асхат Темірбаев кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Алқабилер соты Темірбаевты зорлау, сексуалды сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері, адам өлтіру және ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп таныды. 

"Алқабилердің шешімі бойынша, Асхат Темірбаев 18 жылға бас бостандығын айырылды, ол жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің максималды қауіпсіздік мекемесінде өтейді", - деді сотта. 

2019 жылдың қаңтарында алқабилердің басқа құрамы Темірбаевтың кінәсі дәлелденбеді деп есептеп, оны ақтаған болатын. Кейін қайтыс болған қыздың туыстары барлық инстанцияға шағым жаза бастады. Облыстық соттың апелляциялық коллегиясы үкімнің күшін жойып, істі жаңа қаралымға жіберді. 

"Алқабилер құрамын құру кезінде ереже бұзылғаны анықталды. Кейбірі бұған дейін әкімшілік жауапкершілікке тартылған болып шықты", - деді облыстық соттың төрағасы Бек Әметов. 

БҚО-дағы Бәйтерек ауданы, Дарьинское ауылын дүр сілкіндерген оқиға 2018 жылы шілдеде болған еді. 17 жастағы Дана Өтеғалиеваны зорлап, тұншықтырып өлтірген. Оның денесі күтімсіз қалған саябақта табылды. 

Қылмыс жасады деген күдікпен Өтеғалиеваның танысы, бұрын істі болған Темірбаев ұсталған. Басында ол кінәсін мойындағанымен, кейін сотта бас тартты. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай