03 қараша 2018 13:53

БҚО-дағы взвод командирінің өліміне қатысты мән-жай анықталды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© uralskweek.kz © uralskweek.kz

БҚО-да командирін атып өлтірген полицей зерттеу нәтижесі бойынша саналы және психикалық сау екені анықталды, - деп хабарлайды "Уральская неделя" тілшісі.


БҚО-да командирін атып өлтірген полицей зерттеу нәтижесі бойынша саналы және психикалық сау екені анықталды, - деп хабарлайды "Уральская неделя" тілшісі.

Бұл  туралы мамандандырылған қорғаныс бөлімінің қызметкері 24 жастағы Серік Гарифтің сот-психиатриялық сараптама қорытындысында айтылған. 6 қыркүйекте Серік Гариф Ақжайық аудандық ІІБ ғимаратында полиция ішкі күзет батальонының инспекторы командирін атқан еді. Командир оқиға орнында қаза тапты - сержант оған табель қаруымен жеті рет оқ атқан.


Рүстем Рахишев. © uralskweek.kz

Сарапшылардың пікірінше, ұзақ уақыттан бері күйзеліп жүрген полиция қызметкері қылмысты физиологиялық аффект күйде жасаған.

Серік Гариф болған оқиғаның себептері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Оның айтуынша, Рүстем Рахишев пен оның арасындағы қарым-қатынас жұмысының алғашқы күнінен бастап-ақ жақсы болмаған.

"Ол үнемі маған тиісетін, ескерту жасап, өзгелердің көзінше кемсітетін, менімен ешқашан дұрыс амандаспаған. Бәрін ішімде жинай бердім, сол күні ол маған тағы кемсіту формасында ескерту айтты. Маған және қызметкерлерге тапаншаларды алып, жұмысқа кірісуге бұйрақ берді. Сөйтіп қару-жарақ бөлмесінде тапаншаны алдым да, есікке қарай беттедім.

Көшеде әдеттегідей келе жатқан Рүстем Рахишевті көрдім - қолын кеңінен сермеп, аю сияқты жүреді. Мен оны жек көретінмін. Оның өз өзін ұстауы ашуымды келтіретін. Мен артынан жүріп келе жатқанмын, тапаншаны шығырдым да аяғына аттым. Осыдан кейін мені бірдеңе тапқандай, ол жерге құламайынша ата беріппін. Кейін артқа бұрылып, кезекші офицердің жұмыс үстеліне тапаншаны қойып, "Болдым" дедім. Басқа полиция қызметкерлері маған жүгіріп келіп, қолымды бұрап ұстады. Мен оларға қалған оқты алуларын айттым", - деген Серік Гариф. Бұл оның сараптама қорытындысында жазылған.


Полиция автокөлігі Ақжайық аудандық ІІБ ғимаратынан мерт болған адамның денесін алып бара жатыр. © uralskweek.kz

Серік 2015 жылдан бері Чапаево ауылында ағасының үйінде тұрады. Ағасының айтуынша, Серік тұйық жігіт, жұмысы жайлы да ештеңе айтпайды екен. Бірақ 2017 жылы болған оқиғаны айтыпты.

Бір күні ағасы оның жұмыстан жабырқаулы күйде келгенін байқайды. Ол себебі неде екенін сұрағанда, Серік  кенеттен жылап жіберіп, шаршағанын және мұндай жағдайда жұмыс істей алмайтынын айтқан. Ағасы толығырақ мәлімет беруін сұрағанда, Серік үстелден тұрып, үйден кетіп қалған. Осыдан кейін ол екі күн өткен соң үйіне оралған. Содан бастап жұмысында не болып жатқанын ешқашан айтпаған.

Күдіктінің әкесі Нұрлан Гариф те ұлының тұйық мінезі туралы айтып берді. "Мен не болғанын, не себепті болғанын білмеймін. Ұлыммен кездесуге бірнеше рет бардым, оқиғаның мән-жайын айтпайды. Анасын да көргісі келмей, келмеуін өтінді. Маған қорғаушы жалдауға тыйым салды, әлі күнге дейін тегін мемлекеттік қорғаушының көмегіне жүгінеміз", - деді ер адам.


Жасқайрат Рахишев, марқұм Рүстемнің әкесі © uralskweek.kz

Қайтыс болған Рустем Рахишевтің ата-анасы да жанжалдың себептері туралы білмейді. Марқұмның әкесі Жасқайрат Рахишев сот-психиатриялық сараптама қорытындысымен түбегейлі келіспейді. Оны қайта өткізуді талап етіп отыр. 

"Серік Гариф ұлымды әдейі өлтіргеніне сенімдімін, ешқандай да аффект болған жоқ. Серік өз сөзінде, менің ұлыммен қарым-қатынасын реттеу үшін өзімен пышақ алып жүре бастағанын айтқан. Ол қылмысқа дайындалғанының белгісі.

Екінші мәселе,  ұлымды атқаннан кейін, ол қаруын тапсырып, әріптестеріне ішінде бір оқ қалғанын айтқан. Демек ол қанша рет атқанын есептеп тұрған. Енді ең бастысы мұндай адам қалай құқық қорғау органдарының қатарында жұмыс істейтінін және қалай қаруды сеніп тапсырғандарын түсінбеймін. Жүйкесі бұзылуға бейім адамдарды неге жұмысқа алады? Мұндай қызметкерлердің мәселесі барлық Ішкі істер министрлігіне тән деп ойлаймын. Себебі ұлымның өлімінен кейін, еліміздің әр өңірінде осындай екі оқиға болды. Демек, басшылықтың сондай болғаны. Менің басқа қорытындым жоқ", - деді марқұм офицердің әкесі.


© uralskweek.kz

Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Ішкі істер министрлігінің арнайы комиссиясы мамандандырылған күзет қызметінің аймақтық бөлімшесінің барлық басшысын, оның ішінде бөлім бастығы Тельман Үсенов те қызметінен босатылды.



Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети