06 мамыр 2021 | 13:17

БҚО денсаулық сақтау басқармасы экс-басшысының ісі сотқа қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болатбек Каюпов. Фото: YouTube Болатбек Каюпов. Фото: YouTube

Орал қалалық сотында БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол пара алды деген күдікке ілінген. Айыпталушы тарапқа ведомствоның тағы бір экс-қызметкері Айдос Себепов қосылды. Ол Серік Тұралиевпен бірге пара алуға көмектескен деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Орал қалалық сотында БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповқа қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол пара алды деген күдікке ілінген. Айыпталушы тарапқа ведомствоның тағы бір экс-қызметкері Айдос Себепов қосылды. Ол Серік Тұралиевпен бірге пара алуға көмектескен деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"27 сәуірде қылмыстық іс қайта сотқа жолданды. Қылмыстық іске Каюпов пен Тұралиевке қоса Себепов та айыпталушы ретінде қосылған. Айыптау қорытындысына сәйкес, Каюпов БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы бола отырып, ЖШС-мен 78 миллион теңгеден аса сомаға жабдықты жеткізуге арналған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқан. Кейін ЖШС директорынан орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қойып, медициналық жабдықты қабылдағаны үшін шарт сомасының 10 пайызын талап еткен. Каюпов Тұралиев пен Себеповтың көмегімен 2020 жылдың 14 қазанында 3,4 миллион теңге, ал 23 қазанда 4,4 миллион теңге пара алды деп айыпталып отыр", - деді облыстық сот баспасөз қызметі өкілдері.

Алайда прокурор іске тағы бір тұлға - Айдос Себеповтың қатысы болуы мүмкін деген нұсқамен істі тергеуге қайтару туралы өтініш білдірді. Болатбек Каюпов пен Серік Тұралиевтің өзі сот талқылауы кезінде ол туралы бірнеше рет айтқан, ал куәгер Булекова бастапқыда Тұралиев Айдостың атынан келгенін айтқан.

Судья Асқар Исмайлов өтінішті қанағаттандырды.

Айта кетейік, 2021 жылдың ақпанында мемлекеттік айыптау тарапы өтініші бойынша қылмыстық іс үшінші тұлғаны қылмыстық жауапкершілікке тарту қажеттілігіне байланысты прокуратураға қайтарылған болатын. Сот процесі барысында оған қатысушылар денсаулық сақтау басқармасында жұмыс істеген Айдос Себеповтың есімін бірнеше рет атаған. Сотталушы Тұралиев ЖШС өкілдерімен кездесіп, оның нұсқауы бойынша әрекет еткенін айтты. Каюповтың өзі Себепов сенімді досы екенін айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети