29 маусым 2021 14:44

Прокурор БҚО денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы жазасын түрмеде өтеуін сұрады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болатбек Қаюпов. © YouTube Болатбек Қаюпов. © YouTube

Оралда БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповтың ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Ол екі сыбайласымен бірге 7,8 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Оралда БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповтың ісі бойынша сот процесі аяқталуға жақын. Ол екі сыбайласымен бірге 7,8 миллион теңге сомасында пара алды деп айыпталып отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сотта тараптар жарыссөзі өтіп жатыр. Мемлекеттік айыптаушы Каюповтың кінәсі дәлелденгенін айтты және соттан сотталушыны орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.

"Болатбек Каюповтың пара алу мақсаты болған. БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы бола отырып, 78 миллион теңгеден аса сомаға жабдықтарды жеткізуге арналған мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасты. Кейін компания директорынан орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қою және медициналық жабдықтарды қабылдау үшін шарт сомасының 10 пайызын талап етті. Каюпов көмекшілері Тұралиев және Себеповпен бірге 2020 жылғы 14 қазанда 3,4 миллион теңге, ал 23 қазанда 4,4 миллион теңге мөлшерінде пара алды", - деп мәлімдеді мемлекеттік айыптаушы Қуанышбек Қапезов.

Прокурор қылмыстық іс бойынша қалған екі айыпталушыға соттан үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Айыпталушылар адвокаттары тергеу қорытындыларымен келіспейді және соттан айыпталушыларды ақтауды сұрады.

"Іс материалдарында Каюповтың пара алғаны туралы ешқандай дәлел жоқ. Айыптау үкімі болжамдарға негізделе алмайды. Каюпов ақшаға мұқтаж емес еді", - деді адвокат Елена Акатова өз сөзінде.

Айта кетейік, БҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысының ісі Орал қалалық сотында екінші рет қаралып жатыр. Бірінші жағдайда прокуратура пара алуға тағы бір болжамды көмекшіні жауапқа тарту туралы өтініш білдірген соң іс қайта тергеуге жіберілген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети