БҚО денсаулық сақтау басқармасының экс-басшысы сотталды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Болатбек Каюпов. Фото: YouTube Болатбек Каюпов. Фото: YouTube

Орал қалалық соты Батыс қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол 7,8 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған. Серік Тұралиев пен Айдос Себепов қылмыстық іске көмектесті деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Орал қалалық соты Батыс қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Болатбек Каюповқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды. Ол 7,8 миллион теңге пара алды деген күдікпен ұсталған. Серік Тұралиев пен Айдос Себепов қылмыстық іске көмектесті деп айыпталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сот жарыссөзінде мемлекеттік айыптаушы соттан Каюповты орташа қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде жазасын өтей отырып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айыруды сұрады. Сондай-ақ, экс-мемлекеттік қызметкерді басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады. Тұралиев пен Себепов үшін айыптаушы тарап соттан үш жылға бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.

Прокурор сотталушылар кінәсі толық дәлелденгенін айтты.

"Болатбек Каюпов лауазымды тұлға бола отырып, жеке материалдық пайда алу мақсатында пара алу мақсаты болған. Ол БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы бола отырып, ЖШС-мен 78 миллион теңгеден аса сомаға жабдықты жеткізуге арналған мемлекеттік сатып алулар туралы шарт жасасты, кейін компания директорынан орындалған жұмыстар актісіне кедергісіз қол қою және медициналық жабдықты қабылдау үшін шарт сомасының 10 пайызын талап етті. Каюпов көмекшілері Тұралиев пен Себеповтың қатысуымен 2020 жылдың 14 қазанында 3,4 миллион теңге, ал 23 қазанда 4,4 миллион теңге пара алды", - деді мемлекеттік айыптаушы.

Судья Наиля Жүнісова үкімді бүгін, 3 шілдеде жариялады. Қаюпов ең төменгі қауіпсіздік ҚАЖ мекемесінде жазасын 4 жыл 6 ай өтейді. Себепов пен Тұралиев қауіпсіздігі барынша төмен ҚАЖ мекемесінде 3 жыл отырады.

Жақында сотталушының туыстары компания басшысының шотына 1,5 миллион теңгеден аса қаражат аударғаны белгілі болды. Сонымен қатар, Каюповтың қорғаушысы ол және оның отбасы ақшаға мұқтаж емес екенін бірнеше рет мәлімдеген.

Еске салайық, Болатбек Қаюпов 2020 жылдың күзінде ұсталған болатын. Оның қызметтік кабинетінде пара сомасының бір бөлігі табылды. Алайда экс-шенеунік өзі кінәсін мойындамады. Ол арандатушылық жасалды деп мәлімдеді. Бұл ретте облыстық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Себеповтен 330 мың теңге салынған конверт алғанын хабарлады. Ол бұл ақшаны туған күніне сыйлық ретінде қабылдаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 514.98  course up  584.15  course up  6.22  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro