1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

БҚО-да денсаулық сақтау басқармасының басшысы не үшін ұсталғаны белгілі болды30 қазан 2020, 12:42

Фото: ©Тұрар Қазанғапов Фото: ©Тұрар Қазанғапов

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюпов пара алды деген күдікке ілінген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаров айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен оның көмекшісіне қатысты тергеуді бастады. 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында олар компания директорынан медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге ЖШС-мен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен материалдық құндылықтарды қабылдау актілеріне кедергісіз қол қою үшін жалпы сомасы 7 800 000 теңге пара алған. Ал ЖШС-мен бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарттардың жалпы сомма 78 000 000 теңге", - деді тергеуші брифингте.

Данияр Биғайдаровтың айтуынша, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы мен көмекшісі ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы ("Ұстау негіздері") бойынша Оралдағы уақытша тергеу изоляторына қамалған. Басқа ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жария етілмейді.

Айта кетейік, кеше Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Каюповтың ұсталғаны хабарлаған еді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!