12 қыркүйек 2020 19:34

Бөтен баланы ұрған павлодарлық әйел жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: zi.dn.ua Сурет: zi.dn.ua

Павлодарда сот 49 жастағы әйелге бөтен баланы ұрғаны үшін айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодарда сот 49 жастағы әйелге бөтен баланы ұрғаны үшін айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Павлодардағы Жүсіп көшесіндегі үйлердің бірінің ауласында болған.

"Жанжал барысында кәмелетке толмаған баланы ұрып, шашын тартып, денесін ауыртқан Павлодар тұрғыны ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігінде көзделген "Ұрып-соғу" бойынша әкімшілік құқық бұзды, яғни денсаулығына жеңіл зиян келтірген күш қолдану әрекеттерін жасады", - делінген сот қаулысында.

Сот-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, жәбірленуші мойнының жұмсақ тіні зақымданған.

"Балалардың айтуынша, олар бір-бірімен сөзге келмей қалған. Қыздың анасы жанжалды көргенде үйден шығып, қызымды мойнынан ұстап ұра бастады. Сол күні біз дәрігерге бардық, өйткені бала жұтына және басын еңкейте алмады", - деді зардап шеккен қыздың анасы Зейнеп Эрнст. 

Оның айтуынша, оқиға кезінде әйел қарындасын қорғауға тырысқан үлкен қызын да бірнеше рет арқасынан ұрған.

"Мен бұл туралы учаскелік инспекторға айттым, бірақ ол мұны іске қоспады. Сотта полиция қызметкері жол берген басқа да құқық бұзушылықтар анықталды, осыған байланысты шағым дайындадық", - деді жәбірленушінің анасы.  

Құқық бұзушы өзінің кінәсін мойындады, ол әрекетін көршісі ренжіткен кәмелетке толмаған қызын қорғағанымен түсіндірді.

Сот әйелді кінәлі деп танып, 27 780 теңге көлемінде айыппұл салды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети