13 қазан 2020 12:35

Бір жыл бұрын колониядан қашып кеткен сотталушы Нұр-Сұлтаннан табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Рамблер Фото: Рамблер

Нұр-Сұлтанда 38 жастағы сотталушы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда 38 жастағы сотталушы ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz порталына сілтеме жасап.

Ол Шідерті кентіндегі қауіпсіздігі барынша төмен АП-162/10 түзету мекемесінен қашып кеткен.

Сотталған ер адам 2019 жылдың тамызында мекеме аумағынан кетіп қалған. Алайда кешке колонияға оралмаған. Қауіпсіздігі барынша төменше мекемеде сотталғандар колония аумағыннан тыс жерде жұмыс істеуге құқы бар.

"ҚАЖ қызметкерлері сотталған ер адамның қайда екенін анықтау үшін Екібастұз қаласы полиция басқармасы мамандарымен бірлесіп, жұмыс жүргізген. Біз 1 жыл бойы сотталушының қайда екенін анықтай алмадық. Қазіргі таңда ол Павлодардағы тергеу изоляторында қамауда отыр. Біз оны қауіпсіздігі орташа мекемеге қайтару үшін сотқа материал жібереміз", - дейді АП-162/10 мекемесінің басшысы Ербол Шәріпов.

Тергеу барысында сотталушы кінәсін мойындап, Нұр-Сұлтандағы отбасына барғанын айтқан. Оның азаматтық некедегі әйелі мен қызы бар екен. Осы уақытқа дейін ол әртүрлі мекен-жайда тұрған, әртүрлі жұмыс істеген.

Айта кетейік, Шідерті кентіндегі қауіпсіздігі барынша төмен АП-162/10 мекемесінде 62 сотталған азамат жазасын өтеп жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети