Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 333.32
EUR / KZT - 392.58
CNY / KZT - 50.02
RUB / KZT - 5.64

Бір үйден сегіз баланың өлі денесі табылды

19 Желтоқсан 2014, 10:39
0
Фото 9news.com.au сайтынан
Фото 9news.com.au сайтынан

Австралияның Тынық мұхиты жағалауында орналасқан Кэрнс қаласында (елдің солтүстік-шығысында орналасқан Квинсленд штаты) бір үйден сегіз баланың өлі денесі табылды, - деп хабарлайды РИА Новости.

Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, Мюррей-стрит көшесіндегі үйден табылған сегіз бала суық қарумен өлтірілген. Балалардың жасы - 1,5 мен 15 аралығында. Ол үйден балалардан басқа пышақталған әйел адам да табылды, ол қазір ауруханада. Оқиға орнында көптеген полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әзірше бұған қатысты еш мәлімдеме берген жоқ. 

Еске сала кетейік, Кэрнстегі бұл оқиға елдегі радикал исламшылармен шиеленіскен жағдайға байланысты болуы мүмкін. Өткен сәрсенбіде Иран азаматы Австралияның ең ірі мегаполисі саналатын Сиднейдегі Орталық банк ғимаратының маңындағы Lindt кафе-дүкенінің 17 келушісі мен қызметкерлерін тұтқынға алған болатын. Ол кепілге алынғандарды терезелерге араб тілінде жазуы бар маталарды және "Ислам мемлекетінің" туын ілуге мәжбүрледі. 16 сағаттан кейін полиция кафеге шабуыл жасады. Соңғы мәліметтерге сүйенсек, бұл оқиға кезінде үш адам өліп, алты адам ауруханаға түскен. Қаза болғандардың біреуі  - адамдарды кепілге алған қаскүнем.  


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай