17 шілде 2022 09:09

"Бұрхан Жансейітов адвокат емес" - адвокаттар алқасы

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Республикалық адвокаттар алқасы ұсталған Бұрхан Жансейітовтің адвокат емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Республикалық адвокаттар алқасы ұсталған Бұрхан Жансейітовтің адвокат емес екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қаржы мониторингі агенттігі адвокат Бұрхан Жансейітовты ұсталғаны туралы ақпарат БАҚ-та таратылуына байланысты Республикалық адвокаттар алқасы бұл адамның адвокат емес екенін хабарлайды. 

Адвокаттар өз жұмысында этика кодексін басшылыққа алады. Оған сәйкес кәсіби қызметте олар кәсіптің беделіне қамқорлық жасап, мораль мен заңның үстемдігі принциптерін орындайды. Дәл осындай талаптар Жоғары заңгерлік білімі бар кез-келген адамға қатысты болуы керек деп санаймыз. Бұл ретте заң кеңесшісі Бұрхан Жансейітовке қатысты тергеуді заңдылық қағидатын қатаң сақтай отырып және жасаған әрекетіне құқықтық баға бере отырып тергеу түргізілуін сұраймыз", - делінген хабарламада.

Адвокаттар алқасы судья, прокурор, тергеуші, заң консультанттары мен заңгерлердің заңға қызмет ету деген бір ғана міндеті бар екенін айтты.

Еске салайық, Бұрхан Жансейітов 15 шілдеде күні Алматыда құқық қорғау органдарының ұйымдасқан қылмыстық топтарды жоюға бағытталған қызметіне кедергі келтіргені үшін ұсталған болатын. Ол полиция көлігінің жолын жауып, алдыңғы доңғалағын тесіп, провакациялық әрекетке барған. Сондай-ақ, Бұрхан Жансейтов полиция қызметкерлерін балағаттап, бопсалаған да көрінеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети