16 наурыз 2021 13:40

Бұрынғы сот орындаушысы айып тұрағынан көлік ұрлады деген күдікпен ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: zarulim.com.ua Фото: zarulim.com.ua

Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов айып тұрағында тұрған Toyota Camry көлігінің жоғалғаны туралы оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан Полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденов айып тұрағында тұрған Toyota Camry көлігінің жоғалғаны туралы оқиғаның мән-жайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Халыққа есеп беру кездесуінде Ержан Сәденов Toyota Camry көлігін Нұр-Сұлтандағы айып тұрағынан айдап әкеткен күдіктілер туралы айтып берді.

"2021 жылдың басында жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде үш күдікті ұсталды. Олардың бірі бұрын жеке сот орындаушысы болып жұмыс істеген және айып тұрақтарынан көлікті шығару үшін құжаттарды жасау алгоритмін білген. Осылайшағ, олар көлік ұрлап, қайта сатуды ұйғарған", - деді ол.

Ержан Сәденов ұрланған Toyota Camry Ақтөбеде табылып, тәркіленгенін айтты.

"Үш күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу барысында олардың осындай бес қылмысқа қатысы бар екендігі анықталды. Алаяқтар Шымкентте табылған және тәркіленген Toyota Land Cruiser және Нұр-Сұлтанда тәркіленген Hyundai Accent көліктерін иемденген",-деп толықтырды Нұр-Сұлтан ПД бастығы.

Айта кетейік, Toyota Camry 70 автокөлігінің ұрланғаны туралы қазақстандық Ольга Митрофаненко айтқан еді. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Бұған дейін Нұр-Сұлтандағы жеке сот орындаушыларының өңірлік палата басшысының орынбасары Мәдина Жанасаева өзін жеке сот орындаушысы ретінде таныстырған адам іс жүзінде базада жоқ деп мәлімдеді. Яғни, Нұр-Сұлтандағы автокөлікті алаяқтық жолмен ұрлаған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети