Дәрігерлер алты жасар ақтаулық қыздың өлімінің себебін айтты

21 Қараша 2016, 20:56
0
Дәрігерлер алты жасар ақтаулық қыздың өлімінің себебін айтты - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Дәрігерлер алты жасар ақтаулық қыздың өлімінің себебін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

University Medical Center корпоратив қорының PR-қызметінің мәліметінше, бүгін сағат 17.20-да Викторияның үш ай бойы аппаратқа қосулы болған жүрегі мен өкпесі тоқтап қалған. 

"Науқас Негізінен "Сексуалдық зорлық салдарынан болған қосарлас жарақат. Мидың аноксиялық және метаболикалық зақымдануы. Кома 3" диагнозымен станционарда болды. Асқыну: "3-ші дәрежедегі сыныс алу жеткіліксіздігі", "3-ші дәрежелі жүрек-қан тамыр жеткіліксіздігі", - деп хабарлады медициналық орталықтың өкілдері.

21 қарашада Виктория Минина есін жимастан қайтыс болған еді. Қыз Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығында болған еді. Бұл ауруханаға ол тамыз айының аяғында жеткізілген болатын. Қыздың әжесі Любовь Александровнаның айтуынша, Виктория Ақтауда жерленеді. Қазіргі уақытта оның денесін Астанадан Ақтауға жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

Айта кетейік, дәрігерлер оның өмірін аман алып қалу үшін қолдан келгенді жасадық деп отыр. Алайда бір ай бұрын оның миы өлген болатын. 

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған. 17.30-да қыз ауыр жағдайда табылған. 

Сонымен қатар, осы дерекке қатысты "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі. Бұдан кейін күдікті ұсталған болатын. Ол өзіне тағылған айыппен келісіп отырған жоқ. 

Таяуда күдіктінің ағасы өз пәтерінде өлі табылған болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай