06 қыркүйек 2016 19:57

Полицейлер Ақтауда алты жасар қызды зорлады делінген күдіктіні ұстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Полицейлер Ақтауда алты жасар қызды зорлады делінген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зорланған алты жасар қызды ұрлау және зорлау ісіне қатысты тергеу жұмыстарына арналған брифинг барысында Маңғыстау облыстық ІІД басшысы Қайрат Далбеков мәлімдеді.


Полицейлер Ақтауда алты жасар қызды зорлады делінген күдіктіні ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы зорланған алты жасар қызды ұрлау және зорлау ісіне қатысты тергеу жұмыстарына арналған брифинг барысында Маңғыстау облыстық ІІД басшысы Қайрат Далбеков мәлімдеді.

"Күдікті ұсталды. Ол Ақтау қаласының 1984 жылғы тұрғыны болып шықты. Осыған дейін сотты болмаған. Қазіргі уақытта үш бап бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. "Адам өлтіруге оқталу", "Зорлау" және "Адам ұрлау". Күдіктіге қатысты қосымша сараптамалар тағайындалады. Ол өз кінәсін мойындады", - деді Қайрат Далбеков. Оның айтуынша, жақында молекулярлы-генетикалық сараптама жүргізіліп, ер адамның осы қылмысқа қатысы бар екені расталған.

Еске салайық, жантүршігерлік оқиға 20 тамызда Ақтау қаласында болған. Түске дейінгі уақытта әжесі 6 жасар немересімен №1 ықшамаудандағы жұмысына келген. Немересіне қарауға уақыты болмаған әжесі баласына телефон соғып, қызын алып кетуін сұрапты. Біршама уақыт өткеннен кейін әйел өз немересінің жоқ екенін байқайды. Бастапқыда ол немересін әкесі алып кетті екен деп ойлайды. Алайда телефон соғып, қыздың әкесінің келмегенін білген ол немересін өзі іздей бастайды. Жоғалған қыздың туыстары оны бастапқыда өздері іздеген. Арада 2,5 сағат өткеннен кейін олар полицияға хабар берген. Жоғалған қызды іздестіруге Маңғыстау облыстық ішкі істер департаментінің жеке құрамы түгелдей жұмылған.

Сонымен қатар, осы дерекке қатысты "Зорлау" бабы бойынша қылмыстық істің қозғалғаны белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети