Дәрігерлер Ақши ауылында әжетханадан табылған сәбидің жағдайын айтып берді

Куәгерлер жолдаған сурет

Д?рігерлер А?ши ауылында ?жетханадан табыл?ан с?биді? жа?дайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облысты? денсаулы? са?тау бас?армасына сілтеме жасап.

Дәрігерлер Ақши ауылында әжетханадан табылған сәбидің жағдайы жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап.

Осыған дейін нәрестенің cәбилер үйіне ауыстырылғаны хабарланған еді. "Нәресте екі ай бұрын сәбилер үйіне ауыстырылды. Оның миы шайқалған, қазір дәрігерлердің бақылауында ем алып жатыр. Жағдайы жақсы, тұрақты", - деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Алматы облыстық сотындағылардың айтуынша, сәбидің анасын қамау мерзімі 13 қазанға дейін ұзартылды.

Реклама
Реклама

Еске салайық, есімін Қарлығаш деп қойған нәресте Алматы облысы Ақши ауылындағы әжетханадан 5 шілдеде табылған болатын. Куәгердің айтуынша, қыздың салмағы 3,3 келі. "Кейбір мәліметтерге сүйенсек, қыз әжетхананың ішінде туған. Нәрестені төрт метрлік шұңқырдан алып шықты", - деді куәгер. Оның айтуынша, қыз 4 шілдеде таңғы сағат 7.00-де табылған. Кейіннен нәрестенің анасы ұсталған еді. Анасы 1992 жылғы қыз болып шықты. "Ол Қарасай ауданында тіркелген. Ол босанған үйге қонақ болып келіп жүрген. Үйдің иелері - оның туыстары. 2 жыл бұрын осындай қылмыс жасаған. Сол уақытта бала шетінеп кеткен. Бұл анықталады. Тергеу жүріп жатыр", - деген еді облыстық ІІД өкілдері.

Кейінірек сәбиді туыстарына беруге тыйым салынғаны айтылған болатын.

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама