24 шілде 2018 09:42

Денис Тенді кім пышақтағаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы полицейлері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Алматы полицейлері Денис Теннің өліміне қатысты тергеудің қалай жүргізіліп жатқанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Күдікті Құдайбергенов тексеріс кезінде қылмыс құралы - пышақтың қайда жасырылғанын айтып берді. Қылмыс құралы тәркіленіп, қылмыстық іс материалдарына қосылған болатын. Көзбе-көз беттестірген кезде Нұрлан Қиясов Денис Тенді пышақтағанын мойындады", - деп хабарлады Алматы қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.


Нұрлан Қиясов

Осы қылмыстық іс аясында сот сараптамалары тағайындалды, олардың ішінде молекулярлық-генетикалық, сот-сараптама, медициналық-криминалистикалық, биологиялық және тағы басқа сараптамалар тағайындалды. Сондай-ақ, куәгерлер анықталды.

Тергеу барысында ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің талаптарына сәйкес, күдіктілерге олардың қандай құқықтары бар екені және олардың жауап беруден бас тарта алатыны жайлы, сонымен қатар, өздеріне қарсы жауап беруден бас тартып, лизенциясы бар адвокаттарды талап ете алатыны түсіндірілді.

"Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Күдіктілер Қиясов пен Құдайбергенов осы қылмысты жасағандарын мойындап, заттай дәлелдерін көрсетті", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

Еске салайық, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети