20 шілде 2018 18:10

Денис Теннің қазасы: Іздеуде жүрген Арман Құдайбергенов те сотты болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті Арман Құдайбергенов те сотты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті Арман Құдайбергенов те сотты болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2012 жылдың 9 желтоқсанында кәмелетке толмаған Арман Құдайбергенов сағат түнгі 02.00 шамасында Байқоңыр қаласында қылмыс жасаған. Ол көшеде кетіп бара жатқан бейтаныс жігіттің Nokia 6303i classic телефонын ұрлап, онымен қоймай соққыға жыққан.

"Сотталушы Кудайбергенов Арман Бурибаевич Қазақстан Республикасы ҚК-нің 178-бабының 2-бөлігінің "а" тармағымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленбей, 1 (бір) жылға бас бостандығынан шектелсін", - деп оқыған сол кезде Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы.

Мұның алдында тағы бір күдікті Нұралы Қиясовтың сотты болғаны анықталған еді. Жамбыл облысы Мерке аудандық сотының мәліметінше, 2017 жылдың 31 қаңтарындағы сот шешімі бойынша, Нұралы Қиясов 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Мұнымен қатар, ол сол жылы екі көлікті тонап кеткені үшін сотталған. Еске салайық, осы екі ер адам кеше, 19 шілдеде қазақстандық әйгілі мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді пышақтады деген күдікке ілініп отыр. Нұралы Қиясов ұсталды, ал Арман Құдайбергенов әлі іздеуде жүр. Мұның алдында Арман Құдайбергеновті сырттай қамауға алу туралы өтініш түскені хабарланған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети