13 наурыз 2019 17:49

Денис Теннің өлімі үшін сотталған Жанар Толыбаева түрмеде босанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Алматы қалалық сотының алқасы Денис Тенді өлтірді деп айыпталғандардың апелляциялық шағымын қарады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.


Алматы қалалық сотының алқасы Денис Тенді өлтірді деп айыпталғандардың апелляциялық шағымын қарады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі.

Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов мәнерлеп сырғанаушының өліміне кінәлі деп танылып, әрқайсысы 18 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Істің үшінші фигуранты - аяғы ауыр Жанар Толыбаева қылмыс туралы хабарламағаны үшін төрт жылға сотталды. Үкім шыққан соң екі аптадан кейін сотталғандар шешімге шағым түсірді.

Процесс барысында Жанар Толыбаеваның адвокаты Амангелді Сариев істің материалына анықтама қосуды сұрады. Белгілі болғандай, 2019 жылы 6 наурызда колонияда Жанар екінші баласын дүниеге әкелген. Түрмеде Толыбаева ұл босаныпты.


Сотталғандар Толыбаева, Қиясов және Құдайбергенов 

Еске салайық, былтыр 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети