06 қаңтар 2021 16:10

Денис Тен өлімі: судья сотталушының жазасы неге жеңілдегенін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Tengrinews.kz Фото ©Tengrinews.kz

Сот Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаеваны босату туралы шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Сот Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаеваны босату туралы шешімін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы облысы Іле аудандық сотының баспасөз қызметі үкім шығару кезінде Жанар Толыбаеваның екі жасар баласы болғанын түсіндірді. Сонымен қатар, ол жазасын өтеп жатқан колонияда екінші баласына аяғы ауыр болды. Ол баласын сол колонияда босанды.

"Екінші баланың әкесі кісі өлтіргені үшін сотталған адамдардың бірі екенін атап өткен жөн. Заң кез келген орташа ауырлықтағы қылмыс үшін сотталған адамға жаза мерзімінің 1/3 бөлігін өтегеннен кейін өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстыру туралы сотқа жүгінуге құқық береді. Бір жыл бұрын - 2019 жылдың желтоқсанында Толыбаева бұл құқықты пайдаланды", - дейді сот өкілдері.

2020 жылдың 6 қаңтарында Алматы облысының Іле аудандық соты оның өтінішін қарап, бірқатар мән-жайды ескерді.

"Прокурор Толыбаеваның өтінішін қолдап, бас бостандығынан айыруды шектеуге ауыстыруды сұрады. Сондай-ақ, Толыбаеваның екі кішкентай баласы бар, олардың тұңғышы 2020 жылдың 6 қаңтарында 4,5 жаста болса, ал 6 айлық кенжесі емшектегі сәби болатын. Денсаулығына байналысты Толыбаева жұмыстан босатылды. Ол жазаны өтеу тәртібін бұзбады және мекеме әкімшілігімен тек жағымды пікірлер келіп түсті", - деп түсіндірді соттағылар.

Осылайша, сот Толыбаеваны жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығын шектеуге ауыстырды. Мұндай жаза Қылмыстық кодекстің 434-бабының санкциясында да көзделеді. Сот үкіміне шағым түспеген және наразылық білдірілмеген, сондықтан ол заңды күшіне енген.

Денис Тенді өлтіргендерге қатысты сот үкімі шықты

Еске салайық, 2019 жылдың 17 қаңтарында Жанар Толыбаева Қылмыстық кодекстің 434-бабы ("Аса ауыр қылмыс туралы хабарламау") бойынша сотталған еді.

Ал бүгін, 6 қаңтарда Жанар Толыбаеваның бостандыққа шыққаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.4   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети