03 маусым 2021 13:45

Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева колонияға қайтарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева жазасын өтеу үшін колонияға қайтарылды. Бұл ақпаратты Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денис Тенді өлтіру ісі бойынша сотталған Жанар Толыбаева жазасын өтеу үшін колонияға қайтарылды. Бұл ақпаратты Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2021 жылдың қаңтарында жәбірленуші тарап шағым беру мерзімін қалпына келтіре отырып, Алматы облыстық сотына жеке шағым (жазаны ауыстыруды алып тастау) түсірді.

Апелляция Жанар Толыбаеваға Іле аудандық сотының "жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы" қаулысының күшін жойды", - деді сот баспасөз қызметі өкілі.

Сотта апелляциялық сот ұсынған материалдарда сотталушының түзу жолға түскені туралы жеткілікті ақпарат жоқ екенін, ал бірінші сатыдағы сот өтінішті қарау кезінде жәбірленушінің пікірін ескермегенін анықтады.

Сотталушы Жанар Толыбаева жазасын одан әрі өтеу үшін ЛА-155/4 мекемесіне қайтарылды.

Еске салайық, 2019 жылдың 17 қаңтарында Жанар Толыбаева Қылмыстық кодекстің 434-бабы ("Аса ауыр қылмыс туралы хабарламау") бойынша сотталған еді.

Ал 6 қаңтарда Жанар Толыбаеваның бостандыққа шыққаны хабарланды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети