23 шілде 2018 | 13:46

Денис Теннің өлімінен кейін алматылықтарға травмат қару ұстауға рұқсат беру ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kievvlast.com.ua © kievvlast.com.ua

Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөнінде өткен қоғамдық кеңестің отырысында қала тұрғындарына травматикалық қару ұстауға рұқсат беру мәселесі қарастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандық танымал мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің өлімінен кейін қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөнінде өткен қоғамдық кеңестің отырысында қала тұрғындарына травматикалық қару ұстауға рұқсат беру мәселесі қарастырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қоғамдық кеңес мүшесі Сергей Пономаревтың айтуынша, қазақстандықтар құқық қорғау органдарына сенуді қойған - реформа қажет. Ол қалалықтардың травматикалық қару ұстауға рұқсат беру мәселесін қарауды ұсынды. 

"ІІД есіктерін ашу қажет. Адамдар екі сағат бойы кезекте отырып, соңында кіре алмай қайтып кетеді. Осыған байланысты қылмыс 30 пайызға түседі. Соңына дейін жеткендер, кері байланысты көре алмайды. Тек 10 пайызы қандай да бір реакция болады. (...) Ұсталғандар мен күдіктілердің қылмыс істегенінде күмәнім жоқ. Алайда кей жағдайда "подставалар" болады. Біз полицияға сенбейміз,сол жерде тұрып-ақ "шешіп" кететінімізге сенімдіміз. Адамдарды қаруландыруды қолдаймын. Егер полиция бізді қорғамаса, травматтарды қайтарайық. Иір ойықты мылтық емес, тапаншалар емес, тек травматтарды қайтарайық. Әрине, жақсы реформа қажет", - дейді Пономарев. 

Айта кетейік, Денис Теннің өлімінен кейін қала тұрғындары мен қонақтарын қауіпсіздікпен қамтамасыз ету жөнінде өткен қоғамдық кеңес өтті. 

Алматы ІІД басшысы Денис Теннің өлімі бойынша өткен кеңеске келген жоқ

Еске сала кетейік, 19 шілдеде Алматыда екі адам Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Денисті өлтірді деген күдікпен екі жігіт ұсталды. Олар: Нұралы Қиясов пен Арман Құдайбергенов. Екеуі де қылмысты мойындады және оқиға кезінде Денис Тен екенін білмегендерін айтты. 

Денис Теннің өлімі ұлттық трагедия болды. Әлемнің әр бұрышынан адамдар хабарласып, спортшының отбасына көңіл айтып жатыр. Кеше, 21 шілдеде Алматы мен Астанада спортшымен қоштасу рәсімі өтті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети