04 қараша 2019 12:44

"Древний Римдегі" жаппай төбелес: Қарағандыда сотталушыларға үкім шықты

Қарағандыдағы "Древний Рим" кафесінде жаңажылдық кеште болған жаппай төбелес ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағандыдағы "Древний Рим" кафесінде жаңажылдық кеште болған жаппай төбелес ісі бойынша сотталушыларға үкім шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Сот Юсуф Нурулуды адам өлтірді және қару қолдану арқылы бұзақылық жасады деген айып бойынша кінәлі деп танып, 19 жылға бас бостандығынан айырды. Ол қауіпсіздігі максимал қылмыстық атқару жүйесінде жазасын өтейтін болады.

Реклама
Реклама

Жәбірленуші тараппен мәмілеге келу барысында және материалдық өтемақы төлеген екі күдікті - Сохак Малхасян мен Армен Хачатрянды сот қылмыстық жауапкершіліктен босатты. Тағы алты сотталушы Торгом Малхасян, Хачатур Оганнисян, Жасур Пиров, Каир Надырбеков, Давид Галкин және Васиф Нурулды сот 4 жылдан 6 жылға дейін бас бостандығын шектеді. 

"Сотталушы Илья Щурок, Тигран Степанян, Арман Оганнисян және Болат Жұмамұратов сот үкімімен ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы бойынша айыпты деп танылып, 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Олар қауіпсіздігі орташа қылмыстық атқару жүйесінде жазасын өтейтін болады. 

Барлық сотталушы жазасын өтеп болған соң Қазақстан аумағынан шығарылып, 5 жыл кіруіне тыйым салынады. 

Еске салайық, 1 қаңтарда Қарағандыда "Древний Рим" мейрамханасының жанында жаппай төбелес салдарынан 23 жастағы жігіт қаза тапқан еді. Тағы үш адам ауруханаға пышақ жарақатымен түсті. 

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram