Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Екі адамның өлімі үшін айыпталып жатқан павлодарлықтың үйінен жоғалып кеткендердің құжаттары табылды

06 Тамыз 2015, 20:39
0
© РИА Новости
© РИА Новости

Павлодарда екі адамды өлтірді делінген айыпталушының үйінен із-түссіз кеткен адамдардың құжаттары табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Павлодардағы екі адамның өліміне қатысты атышулы іс аяқталуға жақын қалды. Алқа сот істің материалдарын қарап шықты. Процеске қатыушыларға айыпталушы Аслан Сәрденешевтің үйін тінту кезінде түсірілген видео көрсетілді. "Айыпталушы Сәрденешевтің үйін тінту кезінде алты пышақ, металл балта, ұялы телефон, дақтары бар іш киімдер, сонымен қатар бейтаныс адамдардың құжаттары мен Ресей азаматының сенімхаты табылды. Үйдің қоймасынан ақ түсті зат салынған полиэтиленді пакеттер табылды", - деді алқа сотының судьясы Әділет Бақтияров.

Айыпталушының құрбандарының бірінің қызы Ляйлім Кәшімованың айтуынша, тінту кезінде табылған құжаттар жоғалып кеткендердікі екінін айтты. "Зейнеткер Морозованың жоғалып кеткен ұлының туу туралы куәлігі, белгісіз жағдайда қаза тапқан Николай Блатницкийдің үйінің құжаттары табылды. Қазір ол жерде Сәрденешевтің отбасы тұрып жатыр. Блатницкий де жоғалып кетті. Сонымен қатар, Олег Степанов есімді азаматтың куәлігі табылды. Оның да қайда екені белгісіз. Бұл адамдардың бәрі айыпталушының құрбаны болды деген күдігіміз бар", - деді Ләйлім Кәшімова.

Сәрденешев пен оның әпкесінің қамауда екендігіне қарамастан, куәгерлер түсінік беруден қорқады. "Үш куәгерді біз бүгін жабық өткен отырыста тыңдадық. Олар скайп арқылы түсінік берді, өздері үшін қорқады", - деді Кәшімова.

Осыған дейін хабарланғандай, 37 жастағы Аслан Сәрденешев пен оның әпкесі Гүлнар Қарабаева павлодарлық кәсіпкер Балапия Кәшімованы, өзінің қызметшісін өлтіргені үшін айыпталып жатыр.

Еске сала кетйік, 57 жастағы Балапия Кәшімова 2014 жылдың тамызында жоғалып кеткен еді. Оның денесі бір метрлік шұңқырдан табылды, оның басына пакет кигізіліп, екі аяғының сүйектері уатылған. Оның денесі көмілмей тұрып үстіне әк құйылып, целлофанға оралған. Қаза болған әйелдің қызы анасы із-түзсіз кеткен күні үйден 50 мың доллардың жоғалғанын айтты. Қаза болған әйелдің туыстары қылмыс орнынан балта, күрек пен жылы орамалдың тәркіленгенін хабарлады.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай