13 наурыз 2015 15:48

Павлодарда кәсіпкер әйелді өлтірген азаматтың тағы бір қылмысқа қатысы бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Павлодарлық кәсіпкер әйелдің өліміне кінәлі азаматтың тағы бір қылмысқа қатысы бар. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қаза болған Балапия Кәшімованың қызы айтып берді. Еске сала кетейік, аты шулы қылмыс өткен жылы тамызда Павлодарда болды. Ол кезде өрт сөндіруге барған құтқарушылар Шарбақты тас жолына жетпей 35 шақырым жердегі орман алқабынан көмілген мәйітті тапты. Осыдан кейін 57 жастағы кәсіпкер әйелдің жеке жүргізушісі ұсталды. Полициядағылар өрттің қылмысты жасыру үшін әдейі жасалуы мүмкін екенін айтты.


Павлодарлық кәсіпкер әйелдің өліміне кінәлі азаматтың тағы бір қылмысқа қатысы бар. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне қаза болған Балапия Кәшімованың қызы айтып берді. Еске сала кетейік, аты шулы қылмыс өткен жылы тамызда Павлодарда болды. Ол кезде өрт сөндіруге барған құтқарушылар Шарбақты тас жолына жетпей 35 шақырым жердегі орман алқабынан көмілген мәйітті тапты. Осыдан кейін 57 жастағы кәсіпкер әйелдің жеке жүргізушісі ұсталды. Полициядағылар өрттің қылмысты жасыру үшін әдейі жасалуы мүмкін екенін айтты.

Қаза болған кәсіпкердің қызының айтуынша, жүргізушінің тағы бір құрбаны бар, ол - 50 жастағы ер адам. Оның сөзіне қарағанда, ер адамның денесін полицейлер оның анасының денесі көмілген жерден жақын маңнан тапқан.

"Ер адамның денесі Шарбақты тас жолының маңында, Александровка ауылына жақын жерде жатты және ол құрғақ бұтақтармен бастырылған. Тергеу біздің анамыздың өліміне кінәлі деп танылған Аслан Сәрденешевтің ол ер адамның өліміне қатысы бар екенін анықтады", - деді қаза болған әйелдің қызы Ләйлім Кәшімова, Павлодардағы тағы бір адамның өліміне қатысты түсінік беріп.

Полицияның мәліметінше, қаза болған ер адам айыпталушының үйінде жұмыс істеген және оның барлық ісі туралы білген, сондай-ақ Аслан Сәрденешевтің айналысқан пәтер алаяқтығына қатысы болған. Қаза болған ер адамның атына Сәрденешевтің заңсыз жолмен иеленген пәтерлерінің бірі тіркеліпті. "Біздің анамыздың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталды. Тергеу барысында айыпталушының төрт пәтер алаяқытығына, ал оның екеуіне оның әпкесінің қатысы бар екені анықталды. Сонымен қатар, бұл қылмыстық істің шеңберінде із-түссіз жоғалғандарға қатысты тағы үш қылмыстық іс қозғалды, оның арасында 2009 жылы жоғалып кеткен Сәрденешовтің егіз әпкесі де бар. Қазіргі таңда бұл істер бөлек өндіріс үшін белгіленді", - деді Кәшімова.

Сонымен қатар, Қазақстан Ішкі істер министрлігіндегілер қылмыстық істі тергеудің аяқталып, танысып шығу үшін айыпталушығы жіберілгенін растады. Сондай-ақ ІІМ Балапия Кәшімова өлтірілген жерде Павлодарда сауда-саттықпен айналысқан қара риэлторлар бандасының құрбандары жерленген деген қауесетті жоққа шығарды. Өткен жылы қыркүйекте қаза болған әйелдің туыстары тергеу жүргізіп жатқандардың үстінен Бас прокуратура мен ІІМ шағымданғаны хабарланған болатын, сонымен қатар, олар Павлодардағы адам өліміне қатысты тергеуді ерекше бақылауға алуды сұрады. Олар аналарының өліміне бір ғана адамның қатысуы мүмкін емесін айтып, қылмыстық топтың болуы мүмкін деп күдіктенді және әділетті тергеу жүргізуді талап етті.

Еске сала кетейік, кәсіпкер әйел Павлодарда жантүршігерлік жағдайда өлтірілген - оның денесі бір метрлік шұңқырдан табылды, оның басына пакет кигізіліп, екі аяғының сүйектері уатылған. Оның денесі көмілмей тұрып үстіне әк құйылып, целлофанға оралған. Қаза болған әйелдің қызы анасы із-түзсіз кеткен күні үйден 50 мың доллардың  жоғалғанын айтты. Қаза болған әйелдің туыстары қылмыс орнынан балта, күрек пен жылы орамалдың тәркіленгенін хабарлады. Айта кетейік, 57 жастағы Балапия Кәшімова 26 тамызда жоғалып кетіп, ол екі апта бойы іздестірілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети