19 наурыз 2020 14:49

Екі облыста жемқор полицейлер сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының аға инспекторы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының аға инспекторы сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осыған дейін Шығыс Қазақстан бойынша Полиция департаментінің патрульдік полиция батальонының аға инспекторы, полиция капитаны И.А. Курбаевқа қатысты қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша қылмыстық істі өндіріспен аяқтады.

Ол Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 596-бабы, 3-бөлігі бойынша (қарама-қарсы қозғалысқа арналған жолдың жүру жағына шығу) әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 100 мың теңге сомасында пара алғаны үшін күдікті болды.

2020 жылдың 11 наурызында Өскемен қаласының №2 сотының үкімімен И.А. Курбаевқа 3 миллион теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасы тағайындалды.

Курбаев мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы бойынша Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы пара алды деп айыпталды.

Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылдың ақпан айында Шымкент қаласы бойынша Полиция департаментінің Еңбекші аудандық полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторы, полиция капитаны Б.С. Нұсқабаевқа қатысты қылмыстық істі сотқа жіберумен аяқтады.

Ол бұрын әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматша А-ны наркологиялық есепке тіркеу бойынша шаралар қабылдамағаны үшін 40 мың теңге сомасында пара алғаны үшін күдікті болды.

2020 жылдың 11 наурызында Шымкент қаласының Еңбекші аудандық сотының үкімімен Б. Нұсқабаев пара алғаны үшін айыпты деп танылып, 1 200 000 теңге көлемінде айыппұл төлеу жазасына сотталды.

Сотталушы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети