08 ақпан 2022 09:36

Екібастұз тұрғыны 9-қабаттағы балконның үстінде ұйықтап қалған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

polisia.kz polisia.kz

Мас екібастұздық 9-қабаттағы балконның үстінде ұйықтап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.


Мас екібастұздық 9-қабаттағы балконның үстінде ұйықтап қалған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Мәліметке сүйенсек, Полиция басқармасының кезекші бөліміне Сәтбаев көшесіндегі 9 қабатты үйдің балконында ер адам жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына дереу автопатруль, жедел медициналық көмек және төтенше жағдай қызметі жіберілген.

"39 жастағы ер адамның үй төбесіне шатыр арқылы көтерілгені, содан кейін 9 қабатты үйдің балконына түскені белгілі болды. Артынша пәтерге кіруге тырысқан. Ол 9 қабатты үйдің биіктігінде жарты сағат бойы жатты", - деп хабарлады Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.

Құтқарушылар ер адамды биіктен түсірді. Осыдан кейін полицейлер азаматты медициналық тексеруге жіберіп, оның қорытындысы бойынша ер адам мас күйінде болғаны анықталды.

Бұл факт бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабының 3-бөлігімен әкімшілік іс қозғалды.

Ер адамның мұндай құқық бұзушылыққа бұрын да қатысқаны ескеріліп, оны қайталағаны үшін бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынуы мүмкін. Материал шешім қабылдау үшін сотқа жіберілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети