18 наурыз 2022 09:27

Екібастұзда 7-сынып оқушысы мектеп аумағында соққы көрген: педагогтер жазаланды

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жәбірленушінің анасы ұсынған сурет Жәбірленушінің анасы ұсынған сурет

Екібастұзда оқу орны аумағында соққы көрген жасөспірімге байланысты оқиғадан кейін мектеп-лицей басшылығынан бастап бес педагог жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Екібастұзда оқу орны аумағында соққы көрген жасөспірімге байланысты оқиғадан кейін мектеп-лицей басшылығынан бастап бес педагог жазаланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Екібастұзда соққы көрген оқушыға қатысты оқиға бойынша аралық нәтиже айтылды. Екібастұз қаласы Білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Динара Ахметованың айтуынша, мектеп директорының міндетін атқарушы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, кезекші әкімшіге және қақтығысқа қатысқан оқушылар оқитын екі сыныптың сынып жетекшілеріне сөгіс жарияланған. Сонымен қатар, жасөспірімдер арасындағы төбелес себептері анықталып жатыр екен.

"Оқушыны ұрып-соққан бала есепке алынды. Басқа шаралар қабылдай алмаймыз, себебі сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деді Ахметова.

Сонымен қатар, оқу орнында қызметтік тексеру жүріп жатыр. Павлодар облысының бас педагогы Дінислам Болатханұлының айтуынша, жақында Екібастұзға Білім басқармасынан комиссия жіберілген.

"15 наурызда ата-аналардың шақыруымен кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия өткізілді. Жан-жақты талқылау жүргізіліп жатыр. Бұл жағдайды жайдан-жай қалдырмаймыз, қызметтік тергеу нәтижелері бойынша тиісті тұжырымдар жасалады. Әрине, мектептегі балалар қауіпсіз болуы керек", - деді өңірлік білім басқармасының басшысы брифингте.

Айта кетейік, зардап шеккен оқушы амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

"Емделіп жатыр. Жарақат салдарын жою үшін бәрін жасаймыз. Ұлымың айтуынша, сол күні параллель сыныпта оқитын бала алдымен дәретханада тиіскен. Футбол алаңында балалар ұлымның төбелескісі келмегенін көрген, өйткені ол бұлай тәрбиеленген жоқ. Кейін басынан жарақат алған, тіпті не болғаны есінде жоқ. Қазір мені шу шығарды деп кінәлап жатыр. Дегенмен мен нақты дерек бойынша айтып отырмын", - деп атап өтті зардап шеккен оқушының анасы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети