29 сәуір 2014 | 16:26

Екібастұзда ер адам жаңа туған сәбиін ұрып өлтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Екібастұзда әкесі жаңа туған сәбиін ұрып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Екібастұзда әкесі жаңа туған сәбиін ұрып өлтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияның мәліметінше, сәби алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды. "2014 жылы туған сәбидің дене жарақаттарынан қайтыс болуы дерегі бойынша оның әкесі - Екібастұздың 33 жастағы тұрғыны ұсталды", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Бұл оқиға бойынша "Денсаулыққа нұқсан келтіріп, адам өліміне соқтыру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта ұсталған адам уақытша тергеу изоляторына қамалды. Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жүргізілуде. Күдікті бұрын сотталмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Қарағандыда ер адамның өзінің өгей баласының жағын сындырғаны хабарланған еді. Әкесінен таяқ жеген 2-сынып оқушысының миы шайқалып, денесінің басқа да жерлері жараланды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети