Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Оқиға
  4. Қылмыс

Қарағандыда өгей әке баланың жағын сындырды 15 сәуір 2014, 16:34

Ер адам 2-сынып оқушысын өлімші етіп сабаған, баланың миы шайқалыпты.
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Қате таптыңыз ба?

©Vz.ua ©Vz.ua

Қарағандыда өгей әке баласын аяусыз сабап тастады, - деп хабарлайды Nv.kz порталы.

2-сынып оқушысы Максим Гильмутдиновты өгей әкесі өлімші етіп сабаған. Бала Майқұдықтағы №1 қалалық ауруханаға келіп, дәрігерлерге әкесінен таяқ жегенін айтқан. Ауыр соққыдан баланың жағы сынған, миы шайқалған, денесіне дақ түскен. 

Бала оқитын мектеп өкілдерінің айтуынша, Максимнің отбасы жағдайы нашар: өгей әкесі бұрын сотталған, оның үстіне, арақ ішеді, ал анасы баласын қорғамайды. Жергілікті білім департаментінің мамандары бұл оқиғадан хабардар болды. Бұл жағдай кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі комиссияның отырысында талқыланбақшы.

 


Join Telegram
Повод