Экс-министр Біртановтың ісі қайта сараланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Экс-министр Біртановтың ісі қайта сараланды

Құқық қорғау органдары бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың ісі бойынша бапты қайта саралады. Бұл туралы адвокат Дмитрий Куряченко мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тергеу аяқталды. Соңғы 5 күн қалғанда, күдік "ұрлықтан" "өкілеттігін асыра пайдалануға" ауыстырылды. Тергеу 2020 жылғы мамырда, 14 ай бұрын басталды. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы ұрлық жасады деген күдікке ілінді, нәтижесінде олай болмай шықты. Мұны Қаржы мониторингі агенттігі мойындады", - деді Біртановтың қорғаушысы.

Оның айтуынша, Елжан Біртанов кінәсін мойындамайды.

Сонымен қатар, адвокат 2020 жылдың қарашасынан бастап Біртановты үйқамаққа алу заңсыз болғанын, "тергеу бұзылып, іс объективті жүргізілмегенін" айтты.

Бұған дейін Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты соталды тергеу аяқталғанын хабарлаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети