08 шілде 2021 09:36

Біртановқа қатысты соталды тергеу аяқталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қаржы мониторингі агенттігі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен вице-министр Олжас Әбішевке қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Біртанов пен Әбішев Денсаулық сақтау министрлігінің жарамсыз Ақпараттандыру платформасын қабылдау және пайдалануға беру арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

"Платформа Денсаулық сақтау жүйесіндегі проблемаларды жедел шешу үшін пациенттер, дәрі-дәрмектер және медициналық бұйымдар туралы барлық ақпаратты біріктіруі керек еді. Бүгінде платформа жұмыс істемейді және оны медициналық мекемелердің пайдаланбайтыны жиналған дәлелдермен расталады. Орындалмаған жұмыстардың құны 4,1 миллион доллар немесе 1,5 миллиард теңге", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, агенттік мәліметінше, Елжан Біртанов санитариялық авиацияның әуе кемесін 2020 жылғы маусымда жеке мақсаттарға пайдалану кезінде өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікке ілінген.

Биыл 7 шілдеде соталды тергеп-тексеру аяқталғаны туралы жарияланып, қылмыстық іс материалдарымен танысу басталды. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-ның 201-бабына сәйкес жария етілмейді. 

Еске салайық, бұған дейін экс-министр сотта мәлімдеме жасаған болатын. Ол тергеу органдары оған әлі айып тақпағанын мәлімдеді. 

"Кеше бірқатар бұқаралық ақпарат құралы прокурордың маған айып таққаны туралы қате немесе әдейі жазылған ақпарат таратты. Сотқа қатысқан БАҚ өкілдеріне маған әлі айып тағылмағанын, тергеу әлі жүріп жатқанын хабарлағым келеді. Бүгінгі таңда күдіктің негізділігі мен күдікті ретінде менің құқығымды шектеу туралы мәселе ғана қаралып жатыр. 

Арызды зерделеп, ұрлық пен жымқыру күдіктерінің заңдылығы мен негізділігін растайтын сенімді деректер жоқ екенін айтқым келеді. Себебі ұрлық жасалған жоқ. Мен денсаулық сақтау министрінің міндеттерін атқарғанда осы істе де, басқаларында да қандай да бір сыбайлас жемқорлыққа қатысым жоқ екенін тағы да жария түрде мәлімдеймін", - деген еді Біртанов.

Экс-министр Елжан Біртановқа қандай айыптар тағылды?

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.1   490.7   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети