07 маусым 2022 09:39

Елордалық мемлекеттік мекемеде адам саудасы дерегі бойынша тергеу жүріп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: newsmir.info Көрнекі сурет: newsmir.info

Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасына күдікті деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап. 


Мемлекеттік мекеменің лауазымды тұлғалары адам саудасына күдікті деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Антикорға сілтеме жасап. 

Ведомство мәліметінше, Қостанай облысы бойынша Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет "Облыс әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" ММ лауазымды адамдарына қатысты адам саудасы дерегі бойынша соталды тергеуді бастады.

Олар облыстың әлеуметтік мекемелерінің бірінде мемлекеттің қамқорлығында болған әрекетке қабілетсіз азаматшаны Нұр–Сұлтан қаласындағы қарттарға арналған жеке пансионатқа тегін жұмыс күші ретінде пайдалану үшін табыстады деген күдікке ілінді.

Күдіктілердің бірі соттың санкциясымен үй қамауына алынды.

Күдіктілерге қатысты олардың кінәсінің дәрежесін анықтай отырып, түпкілікті шешім тергеу нәтижелері бойынша қабылданатын болады. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети