07 желтоқсан 2021 13:16

Елордалық полицей күдіктіні "Форсаж" стилінде тоқтатты

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұр-Сұлтанда төбелеске қатысушыны "Форсаж" стилінде тоқтатқан видео әлеуметтік желіде танымал болды. Тәртіп сақшыларының әрекеті тексерілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Нұр-Сұлтанда төбелеске қатысушыны "Форсаж" стилінде тоқтатқан видео әлеуметтік желіде танымал болды. Тәртіп сақшыларының әрекеті тексерілетін болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полицияға Сарыарқа даңғылының бойындағы жол бойында төбелес болып жатқаны туралы қоңырау келіп түскен.

"Оқиға орнынан қашпақ болған төбелеске қатысушылар патрульдік полиция қызметкерлеріне ұсталып, Сарыарқа ауданының басқармасына жеткізілді. Ұстау кезінде төбелеске қатысушылардың ешқайсысы зардап шеккен жоқ", - делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары Kia көлігінің жолаушысы бұзақылық ниетпен көліктің алдыңғы әйнегін сындырып, капотына зақым келтіргенін анықтады, соның салдарынан такси жүргізушісі мен клиент арасында төбелес шыққан. Кейін анықталғандай, жолаушы масаң күйде болған. Аталған факт бойынша Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

"Сонымен бірге, полицияның күдіктіні ерекше ұстау дерегі бойынша қызметтік тексеру тағайындалды, оның қорытындысы бойынша полицейлердің әрекетіне тиісті құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

Ал, әлеуметтік желіде бұзақыны өзгеше ұстауға қатысты пікір білдірген қолданушылар екіге бөлінді. Біреулер Голливудтық фильмдердегідей тоқтаған көлік жүргізушінің шеберлігіне сүйсінсе, енді біреулері тәртіп сақшылары өз өкілеттіктерін шектен тыс пайдаланып, адам өміріне қауіп төндірді деп сынады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети