07 маусым 2022 09:46

"Енесімен жанжалдасқан". Түркістан облысында суға батпақ болған әйел сәбиін өлтіріп алған

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Түркістан облысында кішкентай қызын суға батырған 23 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды OTYRAR.


Түркістан облысында кішкентай қызын суға батырған 23 жастағы әйелге қатысты сот үкімі шықты. Ол 15 жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды OTYRAR.

Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі мәліметінше, қайғылы оқиға Түркістан облысының Құркелес ауылында болған. Тергеу материалдарына сәйкес, әйел сәбиін алып, үйінен емханаға шыққан. Қайын енесімен жанжалдасып қалған әйел өзіне қол жұмсамақ болған.

"Ол ішкентай қызын құшағына алып, Келес өзеніне мойнына дейінгі тереңдікке барған. Онда біраз уақыт тұрған әйел суға батып кете алмаған. Ойланып, жағаға оралған, бірақ осы уақытта баласы дем ала алмай қалған", - деп жазды басылым тілшілері.

Адам өлтіру фактісі бойынша 1999 жылы туған әйелге қатысты ҚР ҚК-ның 99-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеуден кейін іс сотқа жолданған.

"Түркістан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты үкім шығарды. Айыпталушы 15 жылға бас бостандығынан айырылды. Әйел жазасын қатаң режимдегі колонияда өтейді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети