12 тамыз 2014 | 11:04

Еркекшораны өлтіргендер ұзақ жылға бас бостандығынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сотталушылар. ©tengrinewstv.kz Сотталушылар. ©tengrinewstv.kz

Астанада еркекшораны өлтірген үш қыз жалпы 39 жыл жаза арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот залынан. 18 жастағы Кристина Чернышеваның өліміне қатысты сот үкімі шықты. Марқұм осы жылдың көктемінде айуандықпен өлтірілген болатын.


Иконка комментария блок соц сети

Астанада еркекшораны өлтірген үш қыз жалпы 39 жыл жаза арқалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот залынан. 18 жастағы Кристина Чернышеваның өліміне қатысты сот үкімі шықты. Марқұм осы жылдың көктемінде айуандықпен өлтірілген болатын.

Сот айыпталушыларды ҚР Қылмыстық кодексінің 96-бабының 2-бөлігінің "Ж" тармағында қарастырылған ("Алдын ала сөз байласып, топ болып кісі өлтіру") қылмысты жасауға кінәлі деп тапты.

"Сот Ли Александра Георгиевнаға 15 жылға бас бостандығынан айыру, Гуреева Марина Сергеевнаға 13 жылға бас бостандығынан айыру, Нұржанова Диана Нұрланқызына 11 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындады. Сотталушылар жалпы режимдегі түзеу мекемесінде жаза өтеуі тиіс", - деді үкімді оқыған судья Ербол Рахымбеков. Жәбірленуші тараптың пайдасына моральдық шығын ретінде сотталушылардың әрқайсысынан 1 млн теңгеден өндірілетін болады.

Сотталған үш қыз Кристина Чернышеваның құрбылары болатын: 21 жастағы Диана Нұржанова, 20 жастағы Мария Гуреева және 24 жастағы Александра Ли, соңғысы Каролина Кан деген есіммен белгілі, ол 2013 жылы Чернышевамен біржынысты некеге бейресми түрде отырған.

Айта кетейік, сот барысында сотталушылар Кристина Чернышевамен Астанада танысқанын айтты, олар интимдік қызмет көрсетіп, ақша тапқан. Александра Ли, өзінің айтуынша, жеңгетайлықпен айналысқан, Чернышева клиенттерден қоңырау қабылдаған. Марқұмның анасы сотта Лидің өз қызына үнемі қысым көрсетіп тұрғанын айтты. Ал сотталушы болса, керісінше, Чернышеваның өз айналасындағы қыздардың бәрін жұмыс істеуге мәжбүрлеп, қоқан-лоқы көрсететінін айтып шағымданды. 

"2013 жылдың мамыр айында Чернышева мен белгісіз біреулер Гурееваны анықталмаған бір пәтерге қамап, оны жезөкшелікпен айналысуға үш күн бойы мәжбүрлейді", - деді бұрынырақта прокурор Сәуле Сыдықова. Осыдан кейін айыпталушылардың бәрі Чернышеваға кек сақтап, одан өш алмақ болады.

Соңғы отырыстардың бірінде Александра Ли сот алдындағы соңғы сөзін айтты. "Мен істеген қылмысыма өкінемін. Оны, шынымды айтсам, соңғы сәтке дейін жақсы көрдім. Мен қылмыс жасамадым демеймін. Бірақ егер ол бізге қауіп төндірмеген жағдайда үшеуіміздің ешқайсымыз оған өлім тілемес едік", - деді ол. Лидің бостандықта үш жасар сәбиі қалды.

Tengrinews.kz тілшісіне Ли сот үкіміне шағым келтіретінін айтты. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети