17 ақпан 2020 | 12:54

Ерлан Нұрғалиевтің туыстары сотталушылардан 20 миллион теңге өндіруді талап етті

Қарағанды облысында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Cот отырысы барысында инспектордың ұлы Ғалымжан Тәуекелов сотталушылардан моральдық және материалдық шығын өтеуді талап етті.

Реклама
Реклама

"Біздің санауымызша, 9 миллион 137 мың 600 теңге мөлшерінде моральдық шығын келтірілді. Отбасы кесене салып, жерлеу рәсімін өткізу үшін осындай қаражат жұмсады. Бізде барлық түбіртек бар, оны соттағыларға бердік. (...) Ал отбасына келтірілген моральдық шығын 20 миллион теңге", - деді Ғалымжан Тәуекелов. 

Мұның алдында прокурор Қуаныш Жексенбаев үш күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұраған болатын. Прокурордың айтуынша, Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіков жазасын Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің төтенше жағдайдағы қауіпсіздік мекемесінде өтеуі керек.

"Өз ісінің нағыз фанаты еді". Марқұм Ерлан Нұрғалиевті киікпен суретке түсірген фотограф

Еске салайық, былтыр 15 қаңтарда елордалық № 1 ауруханасында "Охотзоопром"ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы қайтыс болды. Браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспектордың бірі Петр Ницык оқиға жайлы айтып берген болатын.


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная