"Бетімнен мылтықтың шүйдесімен ұрды" - Зардап шеккен инспектор браконьерлердің шабуылы жайлы

15 Қаңтар, 16:59
0
видеодан үзінді
видеодан үзінді

"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспекторы оқиға жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Петр Ницык қылмыскерлермен текетірестің қалай өрбігені туралы айтқан видеосын Ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі Сәкен Қалқаманов Facebook желісіндегі парақшасында жариялады. 

"Охотзоопром "ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорны инспекторлары Петр Ницык пен Ерлан Нұрғалиев 2019 жылы 13 қаңтарда шамамен 18:00-де Қарағанды обылсы Нұра ауданына рейдке шыққан. Онда олар бес өлі киікті тапқан. Сонымен қатар, олар мемлекеттік туркеу нөмірі жоқ Toyota Land Cruiser маркалы екі автокөлікті байқап, біреуін тоқтату мүмкін болған. 

"Қарақұз аумағында екі джипті қуып жеттік. Біз ескерту мақсатында ауаға екі рет оқ аттық. Олар тоқтамады. Біз жақындай бастаған уақытта, олар бізді көздей бастады. Ерлан көліктің артқы дөңгелегіне оқ атты. Бір автокөліктің жолын кесіп тоқтаттық, есігін ашып, шықтық. Көліктен жігіттер шықты - біреуі "бесатар" ұстаған, екіншісі "вертикалка" ұстаған, үшіншісі жүргізуші", - деді Ницык. 

Оның айтуынша, автокөліктен шыққан браконьерлер атайын демеген. 

"Олар шықты да былай деді: "Оборзели, обнаглели". Біз жақындаған тұста, мен "бес атарға" жармастым, оның саптамасы болған, содан оқтары шашылды. Турасын айтқанда, нағыз кұрес басталды. Мен біреуін құлаттым, осы кезде артымнан біреу келіп шүйдемнен соққы жасады. Тұрайын дегенімде, бетімнен мылтықтың шүйдесімен ұрды. Осы кезде есімнен тандым, қарасам Ерлан бетімен қардың үстінде жатыр. Қан ағып жатыр, менде де қан ақты. Жейдеммен басымда орап, бас киіміді кидім. Полиэтиленді пакетпен Ерланның басын орадым. Оны дөңгелекке қарай сүйредім, басым айналып тұрды. Осыдан кейін топ басшысына шыға бастадым. Содан кейін барлығы келді", - деді тірі қалған инспектор. 

Өз кезегінде Ауылшаруашылық министрі Сәкен Қалқаманов екінші инспектор Ерлан Нұрғалиев 15 қаңтарда таңертең қайтыс боғланы туралы хабарлады. Ол браконьерлердің инспекторлардың навигаторын алып кеткенін және боран кезінде олардың қайда екенін анықтау қиын болғанын айтты. Төтенше жағдайдан соң, инспекторлар 2,5 сағат бойы көмек күткен. 

"Бүгін Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиев қайтыс болды. Ол 13 қаңтарда Қорғалжын даласында браконьерлермен болған қақтығыстан кейін өмірі үшін соңына дейін күресті. Қайтыс болған кісінің туыстарына көңіл айтамын. Қазақ даласының символына айналған - ақбөкенді қорғау бойынша ол өз міндетін соңына дейін атқарды. Осындай Ерлан Нұрғалиұлы сынды инспекторлардың арқасында ақбөкендердің саны 215 мыңға жетті. Өкінішке орай браконьерлер бес ақбөкенді өлтірген. Құқық қорғау органдарынан осы қылмысты жасаған адамдарды анықтап, заң жүзінде қатаң түрде жазалауды сұраймын", - деді ол жазбада. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай