МӘМС 2.0: даудан кейін жаңа бақылау жүйесі іске қосылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

МӘМС 2.0: даудан кейін жаңа бақылау жүйесі іске қосылды Сурет нейрожелі көмегімен жасалған

Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі тіркеу деректерін бұрмалау мен ақшаның жұмсалуына қатысты даулардан кейін "Qalqan" атты жаңа цифрлық бақылау жүйесі іске қосылды. Ол МӘМС 2.0 жаңа моделінің құрамдас бөлігі болмақ. Билік бұл платформа негізсіз есептеудің алдын алуға көмектеседі әрі 255,2 миллиард теңге көлемінде экономикалық тиімділік береді деп күтеді, деп хабарлайды TengriHealth.


Қазақстанда МӘМС жүйесіндегі тіркеу деректерін бұрмалау мен ақшаның жұмсалуына қатысты даулардан кейін "Qalqan" атты жаңа цифрлық бақылау жүйесі іске қосылды. Ол МӘМС 2.0 жаңа моделінің құрамдас бөлігі болмақ. Билік бұл платформа негізсіз есептеудің алдын алуға көмектеседі әрі 255,2 миллиард теңге көлемінде экономикалық тиімділік береді деп күтеді, деп хабарлайды TengriHealth.

Не болды?

Платформа іске қосылғаны туралы үкімет отырысында қаржы министрі Мәди Тәкиев айтты. Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша денсаулық сақтау саласында қазынашылық жүйесімен интеграцияланған "Qalqan" бірыңғай қаржыландыру порталы іске қосылғанын жеткізді.

"Бүгінде 1,6 мыңнан аса медициналық ұйым қосылды, төлем жасау кезеңіне дейін негізсіз есептеулерді (МӘМС жүйесінде – ред. еск.) ескертуге мүмкіндік беретін антифрод-контур құрылды", - деді Тәкиев.

Министрдің айтуынша, МӘМС 2.0 моделін енгізу мен медициналық сақтандыру жүйесін реформалаудан болатын жалпы әлеуетті экономикалық тиімділік 255,2 миллиард теңге болады.

Сонымен қатар білім беру саласын цифрландыру жұмыстары жүріп жатыр. Қаржы министрлігі мәліметінше, қазірдің өзінде 3 895 мектеп цифрландырылған. Сондай-ақ 4 400 балабақша, 1 337 қосымша білім беру ұйымы, 96 жоғары оқу орны мен 230 мыңнан аса студенттің шәкіртақысы қаржыландырылды.

"Білім беру саласының бірыңғай Data Hub-ы құрылып жатыр, ол қаржыландыру мен шешім қабылдауды сенімді деректер негізінде жүзеге асыруға, сондай-ақ бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігін бағалауға көшуге мүмкіндік береді", - деді министр.

Мән-жайы

Бұған дейін Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры "Qalqan" платформасы қолданыстағы шешімдердің үстінен құрылған жеке жүйе емес, ӘМСҚ-ның қазіргі цифрлық контурын Қаржы министрлігінің заманауи технологиялық платформасына көшіру арқылы дамыту екенін түсіндірген болатын.

Қор басшысы Гүлмира Сәбденбектің айтуынша, бұл жаңа инфрақұрылым жасамай-ақ және денсаулық сақтау жүйесіне қосымша шығын шығармай, қажетті функцияларды тезірек енгізуге мүмкіндік береді.

Қордағылар "Qalqan" медициналық ақпараттық жүйе емес екенін және Damumed сияқты сервистерді алмастырмайтынын баса айтты. Платформа емдеу процесіне араласпайды және дәрігерлерге қосымша жүктеме түсірмейді. Оның міндеті - қаржы ағынының ашықтығын, көрсетілген қызметтердің расталуын және МӘМС қаражатының пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз ету.

ӘМСҚ мәліметінше, жаңа платформа деректерді біріктіріп, есеп айырысудың ашықтығын арттыруы және ақша қозғалысын қадағалауды қамтамасыз етуі тиіс. "Qalqan" жүйесінің негізгі мақсаты - әрбір төленген қызметтің расталуын, ал МӘМС жүйесіндегі әрбір теңгенің негізді түрде нақты медициналық көмекке жұмсалуын қамтамасыз ету.

Еске сала кетейік, бұған дейін ӘМСҚ-ны тексеру барысында жүйедегі ірі заңбұзушылықтар анықталды. Талдаудан кейін премьер-министр Олжас Бектенов заңбұзушылық фактілері бойынша материалдарды құқық қорғау органдарына тапсырып, ӘМСҚ-ны Қаржы министрлігінің қарамағына беруді тапсырды.

Кейін медициналық сақтандыру қоры операциялық қаржыландырудан стратегиялық интеллектуалды басқаруға көшу мақсатында әзірленген МӘМС 2.0 жаңа моделін таныстырды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.97   556.56   6.24 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети