Қазақстанда медицина қызметкерлеріне жасалған шабуыл: алғашқы іс сотқа жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Медицина қызметкеріне шабуыл Бейнеден кадрлар

14 сәуірде Астанада Қазақстанда алғаш рет медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды TengriHealth.


14 сәуірде Астанада Қазақстанда алғаш рет медицина қызметкерлеріне шабуыл жасау бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды TengriHealth.

Мас ер адам шақырту кезінде жедел жәрдем фельдшерін ұрып жіберген

Оқиға Астанада 13 наурызда болған. Полиция мәліметінше, шақыртуға келген жедел жәрдем фельдшерін 1999 жылы туған ер адам ұрған.

Бір айдан кейін іс Астананың қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына түсті. Төрағалық етуші судья болып Меруерт Абаева тағайындалды. Бұл туралы Астана сотының баспасөз қызметі хабарлады.

Қандай жаза қарастырылған?

Сот баспасөз қызметі мәліметінше, іс Қылмыстық кодекстің 380-3-бабы 3-бөлігі "Медицина қызметкеріне қатысты оның өміріне немесе денсаулығына қауіпті емес күш қолдану" бойынша қаралып жатыр.

Бап санкциясы бойынша келесідей жаза түрлері қарастырылған:

  • 500-ден 1000 АЕК-ке дейін (2 162 500-ден 4 325 000 теңгеге дейін) айыппұл;
  • дәл сол мөлшердегі түзеу жұмыстары;
  • 600 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмыстар;
  • екі жылдан үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу;
  • немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру.

6 жылда 280 шабуыл: неге Қазақстанда дәрігерлерді қорғау туралы заң қатаңдатылды

7 наурызда Қазақстанда Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер күшіне енді. Олар медицина қызметкерлеріне қатысты физикалық күш көрсету мен қоқан-лоққы жасағаны үшін жазаны қатаңдатуды қарастырады.

Заң медицина қызметкерлеріне жасалған көптеген шабуылдан кейін қабылданды.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, 2019 жылдан бері Қазақстанда дәрігерлерге, фельдшерлерге, медбикелерге және денсаулық сақтау жүйесінің басқа да қызметкерлеріне 280-нен астам шабуыл жасалған.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 476.97   556.56   6.24 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети