17 ақпан 2020 12:44

Ерлан Нұрғалиевті өлтірді деген күдіктілер өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды облысында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қарағанды облысында Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта "Охотзоопром" инспекторы Ерлан Нұрғалиевтің өліміне қатысты сот отырысы өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Прокурор Қуаныш Жексенбаев үш күдіктіні өмір бойына бас бостандығынан айыруды сұрады. Прокурордың айтуынша, Берік Ахметов, Қайрат Ақшанов және Нұрлан Шүкілдіков жазасын Қылмыстық атқару жүйесі мекемесінің төтенше жағдайдағы қауіпсіздік мекемесінде өтеуі керек.

"Өз ісінің нағыз фанаты еді". Марқұм Ерлан Нұрғалиевті киікпен суретке түсірген фотограф

Сондай-ақ, прокурор сотталушыларға 5 жыл уақыт аңшылықпен айналысуға тыйым салуды сұрап, әрқайсынан қорға өтемақы ретінде 30 АЕК өндіруді сұрады. Қылмыскерлердің сыбайластары - Берден Базаров, Батырбек Қайырбеков, Жарасхан Мырзабаев пен Айдос Әкімовті 6 жылға дейін бас бостандығынан айырып, жазасын Қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа деңгейдегі мекемесінде өтеуін сұрады. Одан бөлек, 5 жыл уақыт аңшылықпен айналысуға тыйым салып, 20 АЕК төлеуді міндеттеді.

Еске салайық, былтыр 15 қаңтарда елордалық № 1 ауруханасында "Охотзоопром"ӨБ" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсіпорнының инспекторы қайтыс болды. Браконьерлер шабуылынан зардап шеккен инспектордың бірі Петр Ницык оқиға жайлы айтып берді. ҚР Ішкі істер министрлігі "Охотзоопром"ӨБ" инспекторын өлтірді деген мемлекетаралық іздеу жарияланған күдіктілердің суретін жариялады. Осы дерекке қатысты Қарағанды облыстық полиция департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі ("Кісі өлтіру, адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған") бойынша тергеу шараларын жүргізіп жатыр. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети